Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман ұялы телефон туралы жұрт біле бермеймін ақпаратты жария етті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Заманауи технологиялар денсаулыққа қатысты кейбір проблеманы өз бетінше анықтап, емдеуге сеп болады. Телефон, сағат, білезік көмегімен дертті анықтау мүмкіндігі бар. Бұл туралы профессор Андрей Ардашев айтты деп жазады Прайм.

Ғалым "ақылды сағатты" мысалға келтірді. Apple Watch-та жүрек соғысын жазатын, жүрек соғу жиілігін есептейтін, электрокардиограмма нәтижелерін дәрігерге жіберетін "ЭКГ" қосымшасы бар.

Ал хирургиялық жағдайды көрсететін имплантацияланған медициналық құрылғылар (кардиостимулятор және дефибриллятор) ауруды анықтап қана қоймай, емдей де алады.

Маманның сөзінше, жаңа құрылғыларды жобалау кезінде медицина және инженерия деп бөлген тиімді. Өйткені дәрігерлерге жаңа технологиялар туралы ақпарат жетіспейді. Ал технологияны ойлап табушы мамандардың медицинадан хабары жоқ. Ал бұл келеңсіз жағдайға алып келуі ықтимал.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899243-maman-aly-telefon-turaly-zrt-bile-bermejmin-akparatty-zaria-etti/

pixel