Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолы болғыш азамат түскі асынан 140 млн теңгелік інжу тауып алды (фото)

Опубликовано:

Інжу
Фото: pixabay.com

Таиландта жолы болғыш тұрғын түскі асқа ұлу сатып алып, оның ішінен құны кемінде 10 000 ват (шамамен 140 млн теңге) тұруы мүмкін інжу тауып алды деп жазады "ТОнеТО" сайты.

10 ақпан күні Таиландтың Чонбури провинциясында тұратын жүк көлігінің 40 жастағы жүргізушісі түскі ас әзірлеу үшін азық-түлік алуға жергілікті базарға барады.

Монтиан Джансук пен әйелі Васана (Wasana) теңіз өнімдері базарынан небәрі жүз батқа ерекше ұлуды сатып алды. Сатушы бұл ұлуды жеуге болатындығына әбден сендірген екен.

Кешкі ас кезінде олардың баласы тамағының арасынан қатты нәрсе тауып алады. Ол салмағы жеті грамм болатын сарғыш інжу болып шықты. Монтиан бұған дейін тура осыған ұқсас інжу тауып алған балықшы кенеттен байығаны туралы жаңалықтардан естігені есіне түсіп кетеді.

Тұрғын
Фото: toneto.net

Жансук табылған інжуді бағалау үшін мамандарға көрсетуді жоспарлап отыр. Отбасы інжуді сатып, баюды көздеп отыр.

"Мен бұл ұлуды сатып алғаныма өте қуаныштымын. Бұл інжу менің өмірімді өзгерте алады", - дейді жүк көлігінің жүргізушісі.

Еске салсақ, бұған дейін көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған едік.

Одан бөлек, о дүние туралы ақпарат берген жанға қалталы кәсіпкер 500 мың доллар сыйлауға әзір екенін жазған болатынбыз.

Ол өлгеннен кейін өмірдің бар-жоғын анықтау үшін байқау жариялаған екен. Байқауға тек психология және неврология саласында тәжірибесі бар адамдар қатыса алатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899607-zoly-bolgys-azamat-tuski-asynan-140-mln-tengelik-inzu-tauyp-aldy-foto/

pixel