Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

О дүние туралы ақпарат берген жанға кәсіпкер 500 мың доллар сыйламақ

Опубликовано:

Байлық
Көрнекі сурет: yaroshok.ru

Америкалық кәсіпкер өлгеннен кейін өмірдің бар-жоғын анықтау үшін байқау жариялады. Жеңімпазды 500 мың доллар сыйыақы күтіп тұр.

Бұл туралы Бигелоу сананы зерттеу қорының сайтында хабарланған.

"Өтініш берушілер адам өлімінен кейін тірі қалу тақырыбын 5 жыл немесе одан да көп уақыт бойы зерттегендігі туралы дәлелдер ұсынуы керек", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, байқауға тек психология және неврология саласында тәжірибесі бар адамдар қатыса алатыны айтылды.

Эссе 25 мың сөзден аспауы керек және әрбір эссе келесі сұраққа жауап іздеуі керек: "Қайтыс болғаннан кейін де адам санасы өлмейтініне не дәлел болады?".

Сонымен қатар эссе ғылыми дәлелдер, сондай-ақ жиналған құжаттаманы объективті және субъективті қарастыру негізінде жазылуы тиіс.

Эссе тапсырудың соңғы мерзімі - 2021 жылдың 1 тамызы.

Дәрігерлер мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды 1 қарашада анықтайды. Үздік шығарманың иесі 500 мың доллар алады, екінші орын үшін 300 мың, үшінші орынға 150 мың доллар сыйақы тағайындалған.

Еске салсақ, бұған дейін жер жүзіндегі ең бай адамдардың бірі әрі Tesla мен SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск өзінің Twitter желісіндегі парақшасында ерекше байқау жариялайтыны туралы мәлімдеген еді.

Миллиардер бұл байқауда жеңген жанға сыйақы ретінде 100 миллион доллар төлеуге әзір.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895446-o-dnie-turaly-akparat-bergen-zanga-ksipker-500-my-dollar-syjlamak/

pixel