jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

16 млн теңгеге жуық ақшаға сатылған ит әлем бойынша ең қымбат төбет атанды

Төбет
Фото: Guinness World Records

Уэльстің Долгелла қаласынан шыққан бордер-колли тұқымдас бір жасар ит әлемдегі ең қымбат төбет ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді деп хабарлайды Lenta.ru.

Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері Ким есімді бордер-колли аукционда 38,8 мың долларға (15,8 млн теңгеде астам) сатылғанын мәлімдеген. Итті Farmers Marts аукциондық үйі ұйымдастырған онлайн сауда кезінде сатып алған.

Кимді өсірген шаруа Дьюл Дженкинстің айтуынша, иттің даму деңгейі үш жасар төбеттікімен бірдей. Ким ірі қара мен қой баққан, кез-келген қиындыққа дайын және фермада жұмыс істеген.

Айта кетсек, 2020 жылдың қазан айында Хенна есімді төбет 26 мың доллар (10,7 млн теңгеге) сатылған еді. Сәйкесінше, бұл сол кездегі рекорд болған.

Еске сала кетсек, 67 жылдан бері ота жасап жүрген қырғызстандық дәрігер Мамбет Мамакеев әлемде еңбек өтілі ең көп хирург ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік.

93 жастағы Мамбет Мамакеевке Гиннестің рекордар кітабына енгенін растайтын диплом пошта арқылы жіберілген. Комитет куәлікті пандемия салдарынан дәрігердің қолына табыстай алмапты.

Хирург жұмыс істеген 67 жылында 30 мың ота жасаған.

"Міне, әлі күнге дейін күн сайын ота жасаймын. Қолым дірілдемейді, ұмытшақтық жоқ, бірақ қарттық бәрібір өз дегенін жасайды. Тізем мен белім мазалай бастады", - дейді Ұлттық хирургиялық орталықтың құрметті директоры Мамбет Мамакеев.

16 млн теңгеге жуық ақшаға сатылған ит әлем бойынша ең қымбат төбет атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.