jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көшелерге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды

Шенеунік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды деп хабарлайды РИА Новости.

Мысырдың солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше көше атауын күйеуі мен оның туыстарының құрметіне қойғаны үшін жұмыстан шығарған.

"Тұрғындардан көптеген шағым түскеннен кейін Кафр-Шукрды қаланы абаттандыру департаментінің басшысы қызметінен босату туралы шешім қабылданды. Шағым жаңа қала жоспарында бірнеше көше атауы оның күйеуі мен туыстарының құрметіне өзгертілгенімен байланысты. Іс тексеріс жүргізу үшін әкімшілік прокуратурға берілді. Аталмыш факті расталған жағдайда оған заңға сай шара қабылданады", - дейді губернатор Абдулхамид Хадджан.

Абдулхамидтің айтуынша, шенеуніктің әрекеті заңды өрескел бұзу болып табылады, себебі көшелерге атау беру туралы шешімді жергілікті халық кеңесі немесе арнайы комитет қабылдайды.

Соңғы кездері Мысырда көшелер тек лаңкестермен күресте қаза тапқан қоғам қайраткерлерінің, әскерилер мен полиция қызметкерлерінің құрметіне аталып келген.

Көшелерге күйеуінің, оның ағалары мен қайын атасының есімдерін берген шенеуніктің өзі болса, барлық айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Ол қала тұрғындарының бірі шағымдану арқылы одан кек алып жатқанын және осылайша жұртқа танымал болуды көздеп отырғанын алға тартты.

Көшелерге күйеуі мен туыстарының есімін берген шенеунік әйел жұмысынан қуылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.