Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүтін бір үйді көлікке тиеп жаңа орынға тасыған азамат сол үшін 400 мың долларын сарп етті

Опубликовано:

Үй
Видеодан кадр: twitter.com/sfchronicle

АҚШ-та ескі үйді жаңа орынға көшіргісі келген қалталы азамат сол үшін 400 мың доллар қаржысын жұмсаған деп хабарлайды "Факты" басылымы.

Сан-Франциско тұрғындары үйді көшіру сәтінің куәсі болған.

New York Post басылымының ақпаратына сәйкес, 139 жылдық тарихы бар үйді жүк көлігінің үлкен тіркемесіне тиеп, жаңа орынға қаз қалпында алып барған.

Белгілі болғандай, үйдің иесі Тим Браун есімді қалталы азамат екен. Ол үйді көшіру үшін арнайы мамандарға 400 мың доллар санап берген.

Ер адам үйді басқа орынға алып бару оңайға соқпағанын жасырмайды. Ол бұл идеясын жүзеге асыру үшін қаланың 15 инстанциясынан рұқсат алуға тура келгенін айтады.

1882 жылы негізі қаланған үй алты орам жерге жеткізілгенге дейін оның жолындағы ағаштардың бұтақтарын кесіп, жол белгілері мен тұрақ орындарын уақытша басқа жерге көшіруге тура келген.

Мұндай бүтін үйді көшіру жағдайы Сан-Францискода елу жылда алғаш рет орын алып отыр. Ескі орында үйдің құны 5 млн долларға бағаланған еді. Ал жаңа орында оның құны қанша болатыны айтылмады.

Босап қалған аймаққа 60 пәтерден тұратын көпқабатты үй салу жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар екіқабатты автобус сатып алып, оны ерекше сәнді үйге айналдырғанын жазған едік.

Олар бір жыл бойы автобусты арманындағы үйге айналдыру үшін тынбай еңбектенген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900551-butin-bir-uidi-kolikke-tiep-zana-orynga-tasygan-azamat-sol-usin-400-myn-dollaryn-sarp-etti-video/

pixel