jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Он жыл кездескен: 91 жастағы әжей өзінен 18 жас кіші адамға тұрмысқа шықты

Той
Көрнекі фото: pexels.com

Ямайка тұрғыны өзінің 91-ші туған күнінде тұрмысқа шықты. 73 жастағы күйеу жігіт сүйіктісіне он жыл бойы қамқорлық көрсеткен деп жазады Lenta.ru.

Эвелина Миддер-Уилсон шаруа Калджент Уилсонмен ауырып қалғаннан кейін кездесе бастапты.

Ер адам үнемі ішімдік ішкен кезде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасап келген. Алайда ямайкалық әжей бұл ұсыныстан бас тартып жүрген.

Дегенмен кездескендеріне он жыл өткен соң әйел өз ойын өзгертіпті. Эвелинаның туыстары оны көндіріп, келісім берсе Калджентті бақытты ететінін айтқан.

Қуанышы қойнына сыймаған күйеу жігіт дәл қалыңдығының туған күнінде той ұйымдастырған. Эвелинаның немересі оған той макияжы мен шаш үлгісін жасап берген.

"Ол менің күйеуім, менің серігім. Осындай жасқа келген кезде өзіңе серік керек екен", - дейді әжей.

Сонымен бірге қария күйеуімен қарым-қатынасы өте жақсы екенін, он жыл ішінде бірде бір рет ұрыспағандарын атап өткен.

Еске сала кетсек, австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтерген болатын. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған еді.

35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.

Сонымен бірге, Оңтүстік Африкада студент өзінен 51 жас үлкен қарияға тұрмысқа шыққан болатын.

Кейптаун қаласының 29 жастағы тұрғыны қариямен бір жыл бойы кездескен екен.

Он жыл кездескен: 91 жастағы әжей өзінен 18 жас кіші адамға тұрмысқа шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.