Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Австралияда қос ғашық 12 мың метр биіктікте үйленді

Опубликовано:

Үйлену той1
Көрнекі фото: pixabay.com

Австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтерді. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған деп жазады Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, 35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.

"Шынымды айтсам, мен бірнеше жылдан бері той ұйымдастырумен айналысамын. Жүздеген салтанатты шараны ұйымдастырғаннан кейін өзіміз үшін ерекше нәрсе жасағым келді. Бұл мен үнемі армандаған, стандарттан тыс мереке. Люк саяхат пен ұшақтарды жақсы көреді. Сол себепті бұдан артық орынды ойлап табу мүмкін емес еді", - дейді Элейн Тионг.

Салтанатты рәсім кезінде қалыңдық v-пішінді ақ көйлек, күйеу жігіт ақшыл сары түсті классикалық үлгідегі костюм киген. Жұбайлар маска режимін де сақтаған.

"Отбасымыз бен достарымыз бізді есінен адасқан деп ойлауы мүмкін. Бірақ біздің әрдайым тосын жайттарға дайын екенімізді білсін", - дейді Сердар.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Техас штатында көптен күткен ұсынысқа ерекше қуанған бойжеткеннің видеосы көпшіліктің қызу талқысына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, алғашқы кездесуде сүйіктісіне білместен ұсыныс жасап қойған жігіт ұятқа қалғанын жазған едік. Мұндай маңызды ұсыныстың аяқ асты жасалынуына жігіттің досы кінәлі болып шыққан екен. Ол осылайша орынсыз әзілдеуді ұйғарыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899878-avstraliyada-qos-gasyq-12-myn-metr-biiktikte-uilendi/

pixel