Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуі үй шаруасы үшін бұрынғы әйеліне 3 млн теңге төлейтін болды

Опубликовано:

Әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейжіңде ажырасу процесі барысында сот ер азаматқа бес жыл бірге тұрған бұрынғы әйеліне үйде істеген жұмыстары үшін 50 мың юань (3 млн теңге) төлеуді міндеттеді деп хабарлайды BBC-дің орыс қызметі.

Қытай БАҚ беттеріндегі мәліметке сәйкес, Чэн мен Ван 2015 жылы отбасын құрған. Ер азамат ажырасуға бірнеше жыл бұрын өтініш берген.

Әйел адам бастапқыда бас тартып, кейін сотта өтемақы талап еткен. Ол осы уақытқа дейін Чэн жаңа туған сәбиді бағуды тек өзіне жүктегенін айтқан.

Фаньшань бейжіңдік округының соты бұл талапты қанағаттандырып, Чэнға 2000 июань көлеміндегі ай сайынғы алименттен бөлек, 50 мың юань біржолғы өтемақы төлеуді міндеттеген.

Бұл оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерінде үлкен дау тудырған.

Сот процесіне төрағалық еткен судья баспасөзге ажырасу кезінде мүлікті бөлу тек материалдық емес, үй шаруашылығы сынды құндылыққа да әсер етуі керек екенін алға тартқан.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап ҚХР-да жаңа азаматтық кодекс күшіне енді. Оған сәйкес, үй шаруаларының көп ауыртпалығы түскен, бала күтімімен айналысқан, жанұяның жасы келген азаматтарын бағып-қаққан ерлі-зайыптының бірі ажырасу кезінде өтемақы өндіріп ала алады.

Мұндай өтемақы алдын ала неке келісімшарты бекітілген жағдайда ғана беріледі. Ал неке келісімшарты жасасу Қытайда өте сирек кездеседі.

Аталмыш ерлі-зайыпталардың оқиғасы Weibo атты танымал микроблог платформасында 570 милионнан аса қаралым жинаған.

Желі қолданушыларының кейбірі үй шаруасын жүргізіп, бала қараған әйелге айына шамамен 100 доллар төлеу аз деп есептейді.

"Мен таң қалып отырмын. Үй шаруасын атқарған әйелдің еңбегі бағаланбай отыр. Бала күтушісінің өзі Бейжіңде жылына 50 мың юань алады", - дейді олардың бірі.

Ал кейбірі желі қолданушылары ер адамдарға үй шаруасының біраз бөлігін өз мойнына алу қажеттігін айтады.

Үшіншілері нәзік жандыларға тұрмысқа шыққан соң жұмысты тастамау жөнінде кеңес берді.

"Қыздар, естеріңізде болсын, кез келген жағдайда қаржы тұрғысынан тәуелсіз болу керек", - дейді пікір қалдырушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1900847-kuieui-ui-saruasyn-istegeni-usin-buryngy-aieline-3-mln-tenge-toleitin-boldy/

pixel