RU

"Арзан косметика, әшекей": 8 наурызда сыйлауға болмайтын сыйлықтар қандай

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Санаулы күндерден соң барша қыз-келіншектер 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтеді. Бұл күні ерлер қауымының қалтасы біраз жұқарып, анасы мен сүйіктісіне, әпкесі мен қарындастарына сыйлық іздейтіні анық. Жылына бір соғатын мерекеде қандай сыйлықтардан бас тартқан дұрыс? KAZ.NUR.KZ жақындарыңызға сыйлауға тұрмайтын ТОП-5 сыйлық тізімін назарларыңызға ұсынады.

Жұмсақ ойыншық

Әрине, жұмсақ ойыншықтардың сүйкімділігімен көз тартатыны жасырын емес. Бірақ бұл ойыншықтардың ешқандай пайдасы жоқ және өмір бойына есте қалмайды. Осыдан 20 жыл бұрынғы шаблоннан бас тартқаныңыз дұрыс. Оның орнына ойыншықты қолдан жасап берсеңіз, әлдеқайда бағалы көрінбек. Сондай-ақ, аю пішіндес алтын немесе жақұт сырғалар алғаныңыз дұрыс.

Блокнот немесе сурет салатын рамкалар

Мұндай сыйлықтар жұмыстағы әріптес қыз-келіншектерге жарап қалатын шығар. Бірақ, анаңыз бен сүйіктіңіз үшін бұл аса қажет дүние емес. Блокноттар шаң басып сөреде жатса, рамкаға сурет салып қоюды кез келген адам ұната бермейді. Бұлардың орнына қолдан жасалған тәттілер берген әлдеқайда жақсы.

Арзан әшекейлер

Қыздар әшекейге қанша құмар болса да, базардан немесе жерасты өткеліндегі дүкеннен сатып алған арзан әшекейлерден бас тартыңыз. Егер әшекей алатын болсаңыз, қымбат әрі сапалысын таңдаған жөн. Ал егер мұны қалтаңыз көтермесе, бұл идеяны жылы жауып қоя тұрыңыз.

Техника

Шаңсорғыш, блендер, телефон немесе мультварканы әйел адамның өзі таңдап алғаны дұрыс. Тіпті, жай ғана тосын сый жасау үшін техниканы басқа күнге қалдырыңыз. Ал 8 наурызға романтикалық және есте қаларлық сыйлық дайындаған жөн.

Қартаюдың алдын алатын косметика

Қартаюдың алдын алатын косметика қанша жерден пайдалы болса да, мұндай сыйлық бәріне бірдей ұнамауы мүмкін. Сонымен қатар, исі қатты шығатын, ашылуы қиын және бағасы арзан косметика сыйлаудың қажеті шамалы. Оның орнына сән салондарына, массаж кабинетіне немесе жақыныңыз жиі баратын дүкен сертификаттарын сыйғв тартқан пайдалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901130-arzan-kosmetika-asekei-8-nauryzda-syilauga-bolmaityn-syilyqtar-qandai/