Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саша Барон Коэн "Бораттың" жалғасы үшін екі "Алтын глобус" алды

Опубликовано:

Борат
Фото: film.ru

Биылғы жылы беделді "Алтын глобус" киножүлдесі виртуалды форматта өтуде. Үміткерлер өз үйлерінен іс-шараға онлайн форматта қосылуда, ал көрермендер залына дәрігерлер мен COVID-19 пандемиясымен күрескен өзге де қызметкерлер шақырылды деп хабарлайды CNN.

Саша Барон Коэн комедия немесе мюзиклдегі ерлердің рөлі үшін "Алтын глобус" алды. Ал "Борат-2" фильмі "Үздік комедия" номинациясында "Алтын глобус" иеленді.

"Алтын глобус" жүлдесін табыстау алғаш рет онлайн форматта өтуде және алғаш рет бұл жүлдеде үш бірдей әйел "Үздік режиссер" номинациясын алды.

Іс-шараның жүргізушілері - Эми Полер мен Тина Фей. "Көшпенділер елі", "Манк" және "Әке" картиналары ең көп номинацияға ие болды. Үміткерлер мен өзге жұлдызды қонақтар үйлерінен тікелей эфирге шығып жатыр.

Қазірдің өзінде "Ход королевы" телехикаясындағы Аня-Тейлор Джой, "Коронада" Маргарет Тетчердің рөлін сомдаған Джиллиан Андерсон, "Мавританкадағы" Джоди Фостер, "Аферисткадағы" Розамунд Пайк, "Коронада" Диана ханшайымның рөлін сомдаған Эмма Коррин және "Бухта Шиттадағы" Кэтрин О'Хара жүлдеге ие болды.

Үздік драмалық телехикая атағына "Корона" ие болса, үздік анимациялық фильм номинациясын "Душа" мультфильмі иеленді. Аарон Соркиннің "Суд над чикагской семеркой" фильмі үздік сценарий жүлдесіне ие болды.

Ерлер арасында жүлде иегерлері - ханзада Чарльз рөлін сомдаған Джон О'Коннор , Джейсон Судейкис ("Тед Лассо"), Джон Бойега ("Кішкентай балта"), Дэниэл Калуя ("Иуда мен Қара Мессия") және "Ма Рейни": Блюздің анасы" фильмінде рөлді сомдаған марқұм Чедвик Боузман "Ең үздік актер" атанды .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901284-sasa-baron-koen-borattyn-zalgasy-usin-eki-altyn-globus-aldy/

pixel