Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурызға қандай гүл сыйламаған дұрыс

Опубликовано:

Гүл сыйлау
Көрнекі сурет: pixabay.com

Аллергологтар 8 наурызда нәзік жандыларға қандай гүл сыйлаудан бас тартқан жөн екенін айтып берді деп жазады РИА Новости.

Кей әйелдерде гүлдерге аллергия болуы ғажап емес. Осы орайда дәрігерлер мимоза гүлін сыйға тартқанда сақ болу керектігін ескертеді.

8 наурызға сыйлық ретінде иісі жоқ гүлдерді таңдаған жөн, олар әдетте қауіпсіз болады дейді ақ халаттылар.

"Әдетте 8 наурызда сатып алынған гүл шоқтарына аллергия беру жағдайы өте сирек кездеседі. Раушан, қызғалдақ, лалагүл, ирис, орхидея - бұл гүлдер әдетте жәндіктермен тозаңданады. Сондықтан оларда тозаң аз мөлшерде кездеседі әрі аса ауаға тарала қоймайды, аллергия тудырмайды", - дейді дәрігер, аллерголог-иммунолог Владимир Болибок.

Маман көктемде сый ретінде берілетін гүлдердің ішінде кей адамдарда мимозаға аллергия болуы мүмкіндігін, себебі ол желмен тозаңданатындықтан, оның тозаңдары ұзақ уақыт ауада қалықтап жүретіндігін атап өтті.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, иммунолог-аллерголог Михаил Костинов та дәрігердің сөзін құптап отыр.

Айтуынша, сыйлық ретінде иісі, тозаңы жоқ гүлдерді таңдаған дұрыс. Себебі олар ең қауіпсіз сыйлық болып табылады екен.

Атаулы күн жағымсыз жайттарға ұласпауы үшін мамандар аллергиясы бар әйелдерге бұл туралы ерлер қауымына бір ауыз ескертіп қойғаны абзал екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901707-8-nauryzga-qandai-guldi-syilamau-qazet/

pixel