jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жастарға лық толы университет ғимаратында жеті адам көз жұмды (видео)

Боливиялық студенттер
Видеодан кадр: РИА Новости

Боливияда Эль-Альто университетіндегі студенттер жиналысы кезінде бір топ адамға шыдас бермеген төртінші қабаттың қоршауы опырылып түскен. Салдарынан жеті адам қаза болған деп хабарлайды РИА Новости.

"Эль-Альто университетінде болған жағдайдан кейін бес адамның қайтыс болғаны және жансақтау бөлімінде тағы үш зардап шегушінің жатқаны белгілі болып отыр. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына полиция басшысы Джонни Агилерді жібердім", - дейді Боливия ішкі істер министрі Карлос дель Кастильо.

Ал университеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға экономика, қаржы және әкімшілік ғылым факультетінде болған. Жастар студенттік жиналысқа қатысуға келген.

Сонымен бірге РИА Новости Telegram арнасында студенттермен болған қайғылы жағдайдың мән-жайын жазды.

Басылымның жазуынша, жиналысқа келген студенттер арасында жанжал басталып, арты төбелеске ұласқан.

Қысым салдарынан төртінші қабаттың қоршауы опырылып түскен. 16,7 метр биіктіктен 11 адам құлап кеткен. Үш адам оқиға орнында, тағы төртеуі ауруханада көз жұмған.

Полицияның дерегінше, санитарлық қауіпсіздік ережелері өрескел бұзылған. Сондай-ақ түсініктеме беру үшін күзетшілер мен төбелестің басқа да қатысушылары полицияға шақыртылған.

Марқұмдардың жерлеуі мен зардап шеккендердің емдеу ақысын университет өтейтін болды.

Сондай-ақ Боливия президенті Луис Арсе қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.

Жастарға лық толы университет ғимаратында жеті адам көз жұмды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.