jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Жүрек ұстамасының ерекше симптомы анықталды

Жүрек талмасы
Көрнекі фото: 120.su

Үрей мен мазасыздық жүрек ұстамасы симптомдары болып табылады деп хабарлайды Риа Новости.

Бұл ақпаратты Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметі таратті.

Мамандардың ойынша, бұл жайттарды жиі үрейлі қорқынышпен шатастырады. Өйткені олар бір-біріне ұқсас.

Үрейлі қорқыныш 5-20 минутқа созылады. Кейбір адамдарда екі сағатқа дейін болуы мүмкін.

Жүрек қағысы жиілеп, бас айналады. Адам өзін жайсыз сезінеді, тоңып немесе ыстықтауы мүмкін. Кейде денесі дірілдейді, кеуде тұсы немесе іші ауырады.

Кейбірі өз денесіне ие бола алмай қалады, ақыл-есін білмейді.

Мұндай белгілер байқалса, дәрігерге дереу қаралу керек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ғалымдар кейбір адамдардың жаурағыш болуының себебін анықтағанын жазған болатынбыз. Британдық Ланкастер университетінің мамандары аяз болмаса да үнемі тоңып жүретін адамдардың денсаулығында кінәрат болуы мүмкін екенін анықтаған.

Жүрек ұстамасының ерекше симптомы анықталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.