Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

72 жастағы қызметкеріне "кемпір" деп тіл тигізген басшының басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлыбританияда 72 жастағы кейуана өз бастығын сотқа берді деп хабарлайды uainfo.org.

Белгілі болғандай, жергілікті фермерлік дүкеннің менеджері болып жұмыс істейтін зейнеткер бастығының "кемпір" деп тіл тигізгеніне қатты ашуланған.

72 жастағы Джанет Уитт аталмыш дүкенде 20 жыл қызмет етіп келіпті. Бір күні ол 45 жастағы бастығы Сэм Купермен жалақы төңірегінде сөз таластырып, жанжалдасып қалған.

Джанет қарама-қарсы орналасқан шай дүкеніндегі басқарушының жалақысы одан жоғары болғанына қатысты бастығына ренішін білдірген екен.

Ал бастығы оған тіл тигізіп, жалақысын көтермей, еш себепсіз жұмыстан қуып жіберген. Осыдан кейін Джанет өз құқығын қорғау үшін Сэмді сотқа берген.

Нәтижесінде ол қызметкеріне "кемпір" дегені үшін соттың үкімімен кінәлі деп танылған және 17 мың фунт стерлинг төлеуге міндеттелген.

Еске салсақ, бұған дейін жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару желі жұлдызына айналғанын жазған едік.

Instagram желісінде бойжеткеннің билеген сәтінен видео 1,2 миллион қаралым жинаса, тағы 1,5 миллион қаралым TikTok пен Twitter-де жиналған.

CBS телеарнасының хабарлауынша, ол пандемия салдарынан бірнеше рет жұмысынан айырылып, қиын жағдайға түскен екен, сондықтан жұмысқа тұрғанына ерекше қуанған.

Қазір 21 жастағы бойжеткен даяшы болып жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902920-72-zastagy-qyzmetkerine-kempir-dep-til-tigizgen-bassynyn-basy-balege-qaldy/

pixel