Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене сынға ұшырады

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі фото: pexels.com

Ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене желі қолданушыларының сынына ұшырады деп хабарлайды The Sun.

Жарияланған суретте той көйлегін киген екі қалыңдық пен бір күйеу жігіт бейнеленгенін көруге болады.

Басылымның жазуынша, ұлының үйлену тойында анасы болашақ келінмен бірдей киінген екен. Егер ер адам қалыңдығының белінен ұстап тұрмаған болса, көпшлік екі қыз бір жігітке тұрмысқа шығып жатыр деп ойлап қалуы мүмкін еді.

Сонымен бірге, бұл отбасының кім екені көрсетілмейді. Тіпті қалыңдық енесінің өзімен бірдей киінгені үшін қандай көңіл күйде болғаны да жазылмаған.

Дегенмен желі қолданушылары енесінің бұл әрекетін аяусыз сынап тастаған.

"Оның көйлегі қалыңдықтың көйлегіне қарағанда сәнді екен", "Бұл дұрыс емес", "Бұл енесі үшін тым ашық көйлек", "Құттықтаймын, ұлыңызды өмір бойын өзіңізден теріс айналдырдыңыз", - дейді желідегілер.

Қалыңдық
Фото: thesun.co.uk

Еске сала кетсек, Үндістанда тұрмысқа шыққанына бірнеше сағат болған қыздың жүрегі тоқтап, қайтыс болған еді. Бұған қалыңдықтың отбасымен қоштасқан сәтте қатты жылауы себеп болған екен.

Сонымен бірге, Австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған болатын.

35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903055-ulynyn-uilenu-toiyna-qalyndyqpen-birdei-koilek-kiip-bargan-ene-synga-usyrady/

pixel