Тұрмысқа шыққанына қатты жылаған ару тойы өтер-өтпес қайтыс болды
Жарияланған күні:
Үндістанда тұрмысқа шыққанына бірнеше сағат болған қыздың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Бұған қалыңдықтың отбасымен қоштасқан сәтте қатты жылауы себеп болған деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға елдің шығысындағы Одиша штатында орын алған.
Басылымның жазуынша, қалыңдық үйленуі тойынан кейін арнайы дәстүр ( "бидаай" деп аталады) бойынша өзінің туған үйімен қоштасу керек болған.
Бұл рәсім кезінде тойға жиналғандар көзіне жас алып, қатты қайғырады.
Үй-ішімен қоштасып жатқан қалыңдық та осы рәсім кезінде жылап, есінен танып қалады. Оны жедел түрде ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер қыздың жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмғанын анықтаған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үш ай бұрын әкесінен айырылған қалыңдық қоштасу кезінде қатты күйзеліске түскен көрінеді.
Сонымен бірге, аурухана дәрігерлері де қыздың жүрегінің тоқтауына қатты күйзеліс пен уайым себеп болуы мүмкін деп топшылаған.
Еске сала кетсек, Оңтүстік Африка республикасының тұрғыны үйлену тойына бірнеше күн қалғанда коронавирустан қайтыс болған еді.
Сонымен бірге, АҚШ-та коронавирус жұқтырған қалыңдық той болатын күні ауыр халге түсіп, көп ұзамай қайтыс болғанын жазған едік.
29 жастағы Стефани Линн Смит 31 жастағы ғашығы Джейми Бассеттпен 2020 жылдың 13 қарашасында некесін қидырып, той жасауы тиіс болған.
Стефани сол күні өзін нашар сезіне бастайды. Дегенмен қалыңдық ол кезде коронавирустың белгілерін сезбеген екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902548-turmysqa-syqqanyna-qatty-zylagan-aru-toiy-oter-otpes-qaitys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.