Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көк тиынға тамақ сатып жүрген фермер аяқ асты жұлдызға айналып, ауылын гүлдендірді

Опубликовано:

Ауыл
Фото: Handout

Қытайда Чен Юньфу есімді азамат ауылдастарына көк тиынға жылдар бойы тағам сатып жүргеннен кейін көпшіліктің назарына ілікті. Ер адамның видеосын 200 млн-нан астам адам қарап, фермер бір күннің ішінде танымал жұлдызға айналып шыға келген деп жазады scmp.com.

Чен Юньфу бастапқыда танымал болуды мүлде қаламаған. Алайда қытайлық әлеуметтік желілерде ақпан айының басында ер адамның ауылдастарына ең төмен бағамен рамэн әзірлеп жүрген сәтінен видео тарап кетіп, ол әп-сәтте жұлдызға айналып шыға келген.

Чен
Фото: Handout

Белгілі болғандай, Чен бір порция рамэнді ауылдастарына 46 центке (үш юаньға) сатып жүрген екен.

Фэйсянь уезінде тұратын 39 жастағы азамат рамэннің бағасын 15 жылдан бері көтермеген.

Ауыл
Фото: Handout

Ченг ауылдастары қашан да тоқ жүргенін қалап, бағаны көтермей жүргенін айтады.

"Ауылдастарым байып, қымбат тағам сатып ала алатындай жағдайға жетіп жатса ғана рамэннің бағасын көтеремін", - дейді ол сұхбаттарының бірінде.

Чен
Фото: Handout

Ченнің сұхбат берген сәтінен видео бүгінде 200 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген. Ер адамның мейірімділігіне тәнті болған мыңдаған видеоблогерлер Матихе ауылына ағыла бастаған.

Олар Ченді видеоға түсіру арқылы парақшаларын қараушылардың санын арттыруды көздеген. Тіпті үйінің ауласына дейін кіріп, фермерді видеоға түсіргісі келгендер басында Ченнің әбден мазасын алған.

Ауыл
Фото: Handout

Ол біраз уақыт бойы видеоблогерлерден жасырынып жүруге мәжбүр болған. Тіпті рамэнін де әзірлеуге мұршасы болмай қалған.

"Танымал болғым келмейді. Бұл у-шу маған тек қиындықтар тудыруда. Мен қарапайым фермермін. Рамэн сатамын. Одан басқа айтарым жоқ", - дейді ол.

Бүгінде танымал Ченнің тағамынан ауыз тиюге елдің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ауылға арнайы жол тартады екен. Олар рамэн үшін сағаттап кезекте тұруға да әзір.

Ауыл
Фото: Handout

Бүгінде Чен танымалдыққа аздап үйрене бастағанын мойындайды. Тіпті мазасын алатын видеоблогерлерге де еті үйреніпті.

"Олар менімен бірге таңғы 6-7-ден бейнетрансляция жасап түнге онға дейін жүреді. Мен оларды түсінемін. Олар маған ұқсайды. Себебі, жай ғана осылайша ақша тауып жүр", - дейді Чен.

Ауылдастары саяхатшылардың арқасында табысқа кенеле бастағанын байқаған азамат енді танымалдықтан қашпайтын болған.

Себебі ауылы гүлденіп, жаңа дүкендер ашылып, тіпті ауылдастары велорикшамен қонақтарды тасудың арқасында нәпақаларын таба бастаған.

"Соңғы аптада мен күн сайын таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін 4-5 мың адамды рикшамен тасыдым", - дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Ауылда видеоблогерлердің шағымынан кейін жоғары жылдамдықты интернет те пайда болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903901-kok-tiynga-tamaq-satyp-zurgen-fermer-ayaq-asty-zuldyzga-ainalyp-auylyn-guldendirdi-foto/

pixel