Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал суретші өз саусағының іздерін миллион долларға сатпақ

Опубликовано:

Қол
Көрнекі сурет: pixabay.com

Танымал Беларусь суретшісі өз саусағының іздерін аукционда сатылымға шығарды. Ол саусағының іздерін бір миллион долларға бағалап отыр деп хабарлайды "Комсомольская правда" басылымы.

Александр Адамов есімді Беларусь суретшісі opensea атты платформаның аукционында оғаш лот жария етті. Ол аукционда өз саусақ іздерін сатылымға қойған.

"Физикалық әлемнің теңдессіз дүниесін (оған адамның саусақ іздерін жатқызуға болады) цифрлық жазықтықта айшықтауға мүмкіндік беретін технологиямен ұштастыру мүмкіндігі бізді қызықтыра түсті. Жеке саусақ іздерімді өзгеге табыстау мен үшін де ерекше тәжірибе болмақ. Өзімнің физикалық теңдессіз бөлшегіммен бөлісе отырып әрі оны блокчейнге жаздыра отырып, бұл цифрлық активтің болашақта қаншалықты құнды әрі сұранысқа ие болатынын соңына дейін болжай алмаймын. Болашақта адамның жеке басын анықтап, сәйкестендіру мен дербестендірудің тағы қандай технологиялары пайда болатыны және сұранысқа ие болатыны белгісіз", - дейді суретші.

Суретші
Фото: kp.by

Александр аукционда өз саусақ іздерін кемінде бір миллион долларға сатудан үмітті болып отыр.

Одан бөлек, суретші жақын арада қолмен ұстау арқылы сезіне білу қабілетіне қатысты бірқатар туындыларын көпшілік назарына ұсынуды жоспарлауда.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда көк тиынға тамақ сатып жүрген фермер аяқ асты жұлдызға айналып, ауылын гүлдендіргенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904612-tanymal-suretsi-oz-sausagynyn-izderin-million-dollarga-satpaq/

pixel