Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын ағасымен бәстескен жігіт төсін үлкейтіп тастады

Опубликовано:

Жігіттер
Фото: Instagram / yefersoncossio

Колумбиялық азамат қайын ағасымен бәстесіп, ақыры төсін үлкейтті. Ол осылайша өз сөзінде тұрған туысына қолдау көрсеткісі келген деп хабарлайды odditycentral.com сайты.

Қайнағасы Джоан Лопеспен бәстескен Эферсон есімді колумбиялық модель ақылға қонымсыз әрекетке барды. Белгілі болғандай, олар аз уақыт ішінде Instagram-да 3 миллион жазылушыны жинауға бәстескен. Бәсте жеңілгені емханаға барып, төс импланттарын салуға уәде етеді.

Эферсон жеңіске жеткенімен, туысы әрі досына қолдау көрсету мақсатында онымен бірге ота жасатып, төсін үлкейтіп тастайды.

Эферсон импланттардың оның бұлшықеттеріне еш зиян тигізбейтінін және оларды бірнеше күнде алып тастауға болатындығын алдын ала біліп алғаннан кейін ғана ота жасатуға бел буған екен.

Дәрігерлер отаның орнында кішігірім тыртықтар ғана қалатынына сендірген. Жігіттің денесі татуға толы болғандықтан, мұндай тыртықтар байқала қоймайды.

Нәтижесінде, Эферсон мен Джоан біраз уақытқа дейін өздерінің үлкейген төсін көрсетіп, көпшілікті таң қалдырды. Бірнеше күннен кейін олар бұрынғы кейпіне қайтып оралады. Олар жаңа төспен бірталай суретке түсіп үлгерген. Екеуі де болашақта бұл суреттерді немерелеріне көрсетіп, көңіл көтеретіндерін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Вьетнамда 26 жастағы жігіт "ұсқынсыз түріне бола" жұмысқа тұра алмағандықтан, бет-әлпетіне бірнеше рет пластикалық ота жасатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1904645-qaiyn-agasymen-bastesken-zigit-tosin-ulkeitip-tastady-foto/

pixel