jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әлемдегі ең қымбат 10 зәулім үй

Үй
Фото: repaireasily.ru

Әлемнің әр түкпірінде орналасқан ең қымбат он зәулім үйді bigpicture.ru сайты назарға ұсынды.

10-орын. Mail.ru Group пен DST Global компаниясының ортақ иеленушісі Юрий Милнердің Лос-Альтос-Хиллз қаласында орналасқан үйі.

Үй
Фото: lichnosti.net

Құны, әртүрлі ақпарат көздеріне сәйкес, 75-100 миллион долларды құрайды.

Үй
Фото: lichnosti.net

Ауданы 2400 м² құрайтын үйде бес жатын бөлмесі, тоғыз жуынатын бөлме, үй кинотеатры, кештер өткізуге арналған зал және жаттығу залы бар.

9-орын. Maison de l’Amitie, Палм-Бич (Флорида штаты)

Үй
Фото: bloknot.ru

Құны — $100 млн. Дональд Трамп Maison de l’Amitie жекежайын 2004 жылы $41,4 млн-ға сатып алып, төрт жылдан кейін "Уралкалий" директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Рыболовлевке $100 млн-ға сатып жіберген.

Үй
Фото: bloknot.ru

Үйде 18 жатын бөлмесі, 22 жуынатын бөлме, 48 көлікке гараж бар.

8-орын. Fleur De Lys жекежайы

Үй
Фото: bigpicture.ru

Құны — $125 млн. Ауданы 3809 м² зәулім үйде 15 бөлме бар. Есімін жасырын қалдырған үйдің қожайыны оны айына $400 000-ға жалға беруді жоспарлап отыр.

Үй
Фото: repaireasily.ru

Мәрмәр мен алтын жалатылған дауалдар, сәнді бөлмелер мен сирек кездесетін кітаптарға толы жеке кітапхана үйді ерекше құнды ете түседі.

7-орын. Америкалық продюсер Аарон Спеллингтің үйі

Үй
Фото: bigpicture.ru

Құны — $150 миллион. 100 көлікке арналған гаражы мен, тіпті сыйлық қаптайтын бөлмесі бар үй көздің жауын алады.

6-орын. Элиталық шипажайдың иелері Тим мен Эдре Бликсеттің үйі

Үй
Фото: bigpicture.ru

Құны — $155 млн. 64 гектар жері, 8 жатын бөлмесі және 10 жуыну бөлмесі бар.

5-орын. Украинаның бұрынғы президентінің қызы Елена Франчукқа тиесілі үй

Үй
Фото: repaireasily.ru

Кенсингтондағы үйдің құны — $161 миллион. 10 жатын бөлмесі, жерасты бассейні, кинотеатры және жеке бункері бар.

4-орын. Hearst сарайы

Үй
Фото: bigpicture.ru

Құны — $165 млн. Үш бассейні, 29 жатын бөлмесі және кинотеатры бар. Зәулім үйде кезінде әйгілі "Крестный отец" фильмі түсірілген болатын.

3-орын. Fairfield Pond жекежайы

Үй
Фото: bigpicture.ru

Ауданы 6131 м² болатын үйдің баскетбол алаңы, боулинг бөлмесі, 150 мың долларлық джакузиі бар. Құны — $198 млн.

2-орын. II Леопольдтің сарайы

Үй
Фото: bigpicture.ru

Сарайды Бельгия патшасы II Леопольд 1902 жылы әйелі Каролина Лакруаға салған. Бүгінде оның құны $736 миллионға жетіп отыр.

Үй
Фото: bigpicture.ru

Вилланың бұрынғы иесі банкир-миллиардер Эдмонд Сафра мұнда Рональд Рейган мен Фрэнка Синатраны қонақ еткен. 2008 жылы вилланы ресейлік миллиардер Михаил Прохоров сатып алмақ болады. Алайда дағдарыс салдарынан ол бұл ойынан айнып қалады.

1-орын. Арабия теңізі маңында орналасқан 27-қабатты үй

Үй
Фото: repaireasily.ru

Үйдің иесі - Үндістандағы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі Мукеши Амбани. Құны — $1 млрд.

Үй
Фото: repaireasily.ru

Үйдің жеке үш тікұшақ қонатын алаңы, әуе қозғалысын басқару орталығы, бассейні, кинотетары, алты деңгейлі тұрағы мен ойын-сауық орталығы бар.

Әлемдегі ең қымбат 10 зәулім үй

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.