Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым жігіт күтпеген себептерге бола миллионер арумен айырылысып кетті

Опубликовано:

Фото11
Фото: Instagram / donbarrie

Британиялық миллионерлердің қызымен кездесіп жүрген жігіт онымен күтпеген себептерге бола айырылысып кетті деп жазад "УНИОН" ақпарат агенттігі.

21 жастағы Сафрон Дрюитт-Бэрлоудың аста-төк байлыққа әбден еті үйренген. Ол ақшаны оңды-солды жұмсауға әдеттенген.

Бойжеткеннің отбасы әр мереке сайын бір-біріне қымбат сыйлық жасауды дәстүрге айналдырған. Дәл осы дәстүр оның тоғыз ай бойы кездесіп жүрген жігітімен қарым-қатынасына қаяу түсіріпті.

Сафронның айтуынша, қарапайым отбасынан шыққан жігіті үшін мереке сайын оған және оның жақындарына қымбат сыйлық алу айтарлықтай салмақ салған.

"Біз Tinder арқылы танысқан едік. Алайда отбасымның қыруар ақша жұмсауға әдеттенуі екеуіміздің арамызды суытып жіберді. Ол әр Жаңа жылда бізге қымбат сыйлық алуға шамасы жетпейтінін айтып, менімен айырылысып кетті", - дейді бойжеткен.

Сафрон бұрынғы жігітінен ешуақытта қымбат сыйлық күтпегенін алға тартуда. Десе де, өзіне сенімсіз азаматпен одан әрі қарым-қатынасын жалғастыруды жөн санамаған ару жігітінің айырылысу туралы ұсынысын еш өкінбестен қабылдапты.

Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің Омск қаласында қос ғашықтың арасында болған жанжал көпшіліктің назарына іліккенін жазған едік. Жас жігіт ұрыс барысында сүйіктісін қоқыс жәшігіне лақтыра салған.

Ол өзіне айтылған сөздердің бірін көтере алмаса керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905677-qarapaiym-zigit-kutpegen-sebepterge-bola-millioner-arumen-aiyrylysyp-ketti/

pixel