RU

300 метр биіктіктен құлаған азамат ғажайыптың күшімен аман қалды

жігіт12
Көрнекі фото: pixabay.com

Американың Солтүстік Каролина штатында ер адам 300 метр биіктіктен құлап, аман қалды деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиға жексенбі, 4 сәуір күні болған.

Полицияның дерегінше, аты-жөнін атамауды жөн көрген азамат екі сағат бойы күн батқанша тауда қыдырған. Кейін аяғы тайып, жардан құлап кеткен.

Оқиға орнына мамандар бригадасы келіп жеткен. Құтқару операциясы алты сағатқа жалғасқан.

Ер адам азғантай жарақат алған.

Айта кетейік, осыған дейін кәріз жүйесінде адасып кетіп, үш апта бойы шыға алмаған АҚШ тұрғыны ғажайыптың күшімен аман қалғанын жазған едік.

Оны кездейсоқ байқап қалған жандар көріп, құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 43 жастағы әйелдің кәріз жүйесінен шыға алмай отырғанын аңғарған. Нәтижесінде ол аман-есен қауіпсіз жерге шығарылып, емханаға жеткізілген.

АҚШ тұрғының жоғалғанын алғаш болып оның сүйіктісі байқаған екен. Ол 3 наурызда ғашығы із-түзсіз кеткенін айтып, полициядан көмек сұрапты. Ол әйелді соңғы рет үйінің қасындағы каналда шомылып жатқан кезінде көргенін де айтқан.

Ал құтқарылған әйел канал маңындағы кәріз жүйесіне апаратын есікке қызығып, ішінде біраз серуендегісі келгенін айтқан. Ақыры кәріз жүйесінен қайта шығатын есікті таба алмай, жоғарыдан жарық түсіп тұратын жерде отырып, үш апта бойы көмекке шақырған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906786-300-metr-biiktikten-qulagan-azamat-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy/