Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 жастағы желі қолданушысы өзімен құрдас блогерді ажалдан арашалап қалды

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-та квадроцикл тізгіндеп келе жатып апатқа ұшыраған 12 жастағы блогерді көрермендерінің арасында болған құрдасы құтқарып қалды деп хабарлады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, блогер квадроцикл тізгіндеп келе жатып, TikTok-та тікелей эфирге шыққан.

Оны құтқарып қалған құрдасының сөзінше, эфир кезінде аяқ астынан у-шу болып, блогер көмекке шақыра бастаған.

Сонымен қатар ол туыстарының телефон нөмірін айтқан.

Эфирді көріп отырған жасөспірім аталған нөмірді есінде сақтап, блогердің жақындарына қоңырау шалып, болған оқиға туралы айтады.

Блогердің өгей әкесі жергілікті телеарнаға берген сұқбатында болған жайтты "Пасха ғажайыбы" деп санайтынын, сонымен қатар өгей ұлының виртуалды досына оның өмірін сақтап қалғаны үшін алғысын айтты.

Еске салсақ, Ресейдің "Первый канал" телеарнасындағы "Время покажет" бағдарламасының жүргізушісі Екатерина Стриженова тікелей эфир кезінде құлап кетіп, қолын сындырып алған болатын. Ол бірден ауруханаға жеткізілген.

Одан бөлек, Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз тікелей эфир кезінде орын алған оқыс оқиғадан аман қалған еді.

Студиядағы тікелей эфир кезінде тележүргізушінің үстіне үлкен декорация құлап кеткен. Абырой болғанда, ол ауыр жарақат алмады.

Кадрлардан келеңсіз жағдайдың қас қағым сәтте болғанын, бұндайды ешкімнің күтпегенін аңғаруға болады. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалған, алайда эфирді үзбей, әрі қарай жалғастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906893-13-zastagy-zeli-qoldanusysy-blogerdi-azaldan-araslap-qaldy/

pixel