Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір күнде үйленген үшемнің баласы да бір күнде өмірге келді (фото)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: piqsels.com

Нигерияның Нгво қаласында бір күнде шаңырақ көтерген үшемдер бір мезетте балалы болды деп хабарлайды Lenta.ru.

Чинеду, Чуквуэбука және Кенечукву Онийа есімді үш ағайынды 2020 жылдың 6 маусымында үйленген. Бастапқыда олардың қалыңдықтары да үшем деген қауесет тараған. Алайда бұл мәлімет жалған болып шыққан.

Ең қызығы ағайындылардың тойынан тура 10 ай өткенде үшеуінің де тұңғыш перзенті өмірге келген. Олар мұны жақсылыққа балап, шіркеуге барған.

Үшем
Фото: pulse.com.gh

Үшемнің бірі Чинеду Онийаның сөзінше, анасы ұлдарының бір күнде шаңырақ көтергенін армандаған.

"Ол үшеуіміздің бір күнде үйленгенімізді елестеткенді жақсы көретін. Оған бұл өте керемет көрінетін және үнемі дұға етті. Өйткені анамыз үшеумізді бірдей үйлендіру оңай болмайтынын түсінетін. Өкіншке орай, ол 2013 жылы қайтыс болды. Біздің бұл қуанышымызды көре алмады", - дейді Чинеду Онийа.

Үшем
Фото: pulse.com.gh

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда 25 жастағы келіншек төртем босанғанын жазған едік. Жүктілігі ауыр өткен әйелді дәрігерлер 30-шы аптада ота жасап, босандырып алған. Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген.

Одан бөлек, Түркістан облысы Сарыағаш ауданында да 34 жастағы әйел үш қыз баланы өмірге әкелген болатын. Сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілген. Келіншектің бұдан басқа тағы төрт баласы бар.

Сонымен бірге, Атырауда көпбалалы ана екінші мәрте егіз босанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908063-bir-kunde-uilengen-usemnin-balasy-da-bir-kunde-omirge-keldi/

pixel