RU

Туған баласын 57 жыл бойы көрмеген ер адам ұлымен кездесті

Ричард пен Джим
Ричард пен Джим. Видеодан кадр: lenta.ru

Америкада бөтен адамға туған ұлын бере салған ер адам 57 жылдан кейін баласымен қауышты деп хабарлайды Lenta.ru.

Оңтүстік Каролина штаты Мертл-Бич қаласының тұрғыны онлайн ДНҚ тестінің арқасында жарты ғасырдан астам уақыт көрмеген баласын тауып алды.

Ричард МакКлири туған баласы Джимді қолына небәрі екі мәрте алған екен. Соңғы рет оны 1963 жылы көрген. Сол кезде баланың анасы оны асырап алушыларға берген көрінеді.

Содан бері Ричард нәрестенің өмірінен бейхабар болыпты. Ұлын тапқысы келген ол онлайн ДНҚ тестінен өткен. Джим де өзінің биологиялық әкесін табу мақсатында ДНҚ тапсырған. Осылайша, екеуінің нәтижесі бір-бірімен сәйкес келген.

Джим Ричард МакКлиримен байланысқа шығып, кездесуді жөн көріпті. 23 сәуір күні әкесі мен баласы ұзақ уақыттан кейін табысқан.

Джим әйелімен бірге әкесіне бір аптаға қонаққа келген. Ер адамдар әуежайда жылап көрісіп, бір-бірін бауырына басқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Миссури штатындағы Канзас-Сити қаласында төбет иесін құтқарып қалғанын жазған едік.

Бұл оқиға 11 сәуір күні болған. Ер адам итімен бірге серуенге шыққан екен. Алайда оның аяқ астынан денсаулығы нашарлаған көрінеді.

Осы кезде қасындағы иті жақын маңдағы үйге жүгіріп барып, ондағы тұрғындарға иесінің бірдеңге тап болғанын сездірген. Олар оқиға орнына барып, тез арада жедел жәрдем шақыртқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910044-tugan-balasyn-57-zyl-boiy-kormegen-er-adam-ulymen-kezdesti/