Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұзақ өмір сүру үшін күніне қанша кесе шай ішкен жөн

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Шайды күнделікті ішу адам өмірін ұзартады. Ол үшін шайды дұрыс іше білудің маңызы зор деп хабарлайды Qadam.asia.

Мамандар күніне 2-3 кесе шай ішуге кеңес беріп отыр.

Еуропаның профилактикалық кардиология журналында жарық көрген зерттеуде шайдың қан-жүрек ауруларының алдына алуға септігін тигізетіні айтылған.

Зерттеушілер 100 902 адамды екі топқа бөліп тәжірибе жүргізген екен.

Бірінші топқа күнделікті шай беріп отырса (аптасына үш күн), екінші топқа мүлдем шай бермеген немесе аз берген (аптасына үш күннен аз).

Зерттеу мен бақылау 7 жылға созылған.

Нәтижесінде ғалымдар шайды күнделікті ішкен топтың адамдары ішпегендерге қарағанда ұзағырақ өмір сүргені, қан-жүрек ауруларынан шалдықпағанын аңғарған.

Зерттеу қорытындысы 50 жастан асқан адамдардың күнделікті шай ішу арқылы жүрек ауруларынан сақтануға болатыны көрсеткен. Соның арқасында 1,26 жыл ұзағырақ ғұмыр кешуге болады.

"Шайдың түрі көп. Олардың пайдасы да әртүрлі. Шайдың ішінде көк шайдың маңызы ерекше. Пайдалы заттарға бай. Қандағы холестеринді азайтуға, жүрек жұмысын жақсартуға көмегі көбірек", — деп жазады британ ғалымдары.

Көк шай бауыр, омырау мен ішек қатерлі ісігінің алдын алуға да көмектесетін көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақ тағамтану академиясының жетекші ғылыми қызметкері, медицина ғылымының кандидаты Майгүл Қайнарбаевa еттен соң неліктен бірден шай ішуге болмайтынын түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910360-uzaq-omir-suru-usin-kunine-qansa-kese-sai-isken-zon/

pixel