jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Шайды қайнатқан соң қанша уақытта ішкен дұрыс

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақ – шайқұмар халық. Тамақтың алдында да, соңында да шай іше беретін әдетіміз бар. Бірақ қалай дұрыс ішу керегін білмей жатамыз деп жазады Qadam.asia.

Шайдың құрамында пайдалы зат бар. Шайда эфир майы, алкалоид, ақуыз бен дәрумен, дубильді заттар болады.

Бұл пайдалы заттарды барынша шайға шығарып ішкен жөн. Халқымыздың шайды асықпай демдеп, бықтырып ішетіні де содан болса керек.

Бірақ мамандардың айтуынша, шайдың қайнағаннан кейін ұзақ тұрып қалғаны да дұрыс емес. Әр шайдың өзінің ішу уақыты бар. Одан ұзақ тұрып қалса, шай уытқа айналуы мүмкін.
  • Қара шай қайнаған соң ұзақ тұрып қалмауы керек. Қайнағаннан кейін 10 минуттай бықтырып, жарты сағаттың ішінде ішкен дұрыс. Қайнаған шайдың сомасын сүзіп алып, тоңазытқышқа қойып тастауға болады. Суық жерде ол 12 сағаттай шыдайды. Одан кейін уытқа айналады. Сол уақыттың ішінде қайта демдеп ішуге болады.
  • Көк шай да қайнағаннан кейін ұзақ тұрып қалмағаны абзал. Оны аздап суытып барып ішу керек. Ал азайып кетсе, үстіне ыстық су құюға болады. Бірақ қайнаған соң біршама уақыт тұрып қалған көк шайды ішіп қажет емес.

Лимон қосылған шайды қайнағаннан кейін 30 минуттың ішінде ішу қажет. Одан кейін қайта қайнатуға болмайды.

Мамандардың айтуынша, шайды ыстықтай, демделген күйде ішу керек. Ал суып әрі біраз тұрып қалған шайды қайта қайнатып ішу дұрыс емес. Ондай шайдың құрамында зиянды заттар көбейіп кетеді.

Шайды қайнатқан соң қанша уақытта ішкен дұрыс

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.