Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең жасыл ауылдардың бірі туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Қытайда әлемдегі ең жасыл ауылдардың бірі орналасқан. Алайда бұл ауыл бүгінгі күнде мүлде қаңырап қалған деп жазады supercoolpics.com сайты.

Ғажайып жасыл ауылдың суреттерін фотограф Тан Юйхун назарға ұсынды.

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Қытайдың 400 Шэнси аралының біріне кіретін Goqui атты аралдағы бұл ауылда кезінде балықшылар тұрып келген.

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Тұрғындар біртіндеп материкке көше бастағаннан кейін ауыл қаңырай бастайды. Ал бүгінде адамдар мүлде тұрмайтын ауыл ертегі әлеміндегі жасыл алқапқа айналғандай.

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Қаңырап қалған үйлеріне дейін өсімдіктермен көмкерілген ауыл көздің жауын алады. Оны әлемдегі ең жасыл ауылдардың бірі деп те атауға болады.

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Ауыл
Фото: supercoolpics.com / Тан Юйхун

Еске салсақ, бұған дейін әлем жұртшылығының ерекше назарына ілінген Қытайдағы "жасыл үй" атты тұрғын үйлердің бірі жергілікті халыққа жақпай қалғаны туралы жазған едік.

"Тік орман" деп аталатын жоба жоспар бойынша ерекше сұранысқа ие болуы тиіс еді. Алайда үй адамдар үшін емес, масалар үшін жайлы орынға айналған. Жоба агентінің айтуынша, барлық 826 пәтер тез сатылып кеткен. Алайда үй қаңырап бос жатыр. "Эко-жұмаққа" айналуы тиіс болған ғимарат "ақырзаман фильмдерінен" үзіндіні еске салады.

Одан бөлек, ертегі әлеміне айналған Түркістанның бүгінгі келбеті туралы жазған болатынбыз. Бұл өңірде Орталық Азияда баламасы жоқ кешен бой көтерген.

Құрылысы 2019 жылы желтоқсанда басталған кешен әлі де жұмысына толық кіріскен жоқ. Дегенмен қазіргі күннің өзінде жекелеген нысандары қонақтарды күтуге әзір.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911363-alemdegi-en-zasyl-auyldardyn-biri-turaly-ne-bilemiz/