Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең сұлу ару анықталды (фото, видео)

Опубликовано:

Ару
Фото: Instagram / andreamezamx

Мексикалық бойжеткен "Әлем аруы-2020" байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы байқауды ұйымдастырушылар Instagram-дағы ресми аккаунтта хабарлады.

"Әлем аруы-2020" атағы Мексиканың 26 ​​жастағы тумасы Андреа Мезаға бұйырды. Жеңімпаз туралы ақпарат байқаудың Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланды. Бойжеткенге тәжді 2019 жылғы байқаудың жеңімпазы Оңтүстік Африкадан келген Зозибини Тунци табыстады.

Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан Республикасы мен Перу арулары кірді. Андреа Меза - "Әлем аруы" атағын жеңіп алған үшінші мексикалық әйел. 1991 жылы Люпита Джонс, содан кейін 2010 жылы Химена Наваррет "Әлем аруы" атанған болатын.

Айта кетсек, Қазақстан аруы атанған қызылордалық Камилла Серікбай Әлем аруында бақ сынамаққа АҚШ-қа аттанған болатын.

Бойжеткеннің байқауға қалай дайындалғаны туралы "Евразия" бірінші арнасы айтып берді.

18 жастағы Камилла бүгінге дейін талай байқауда топ жарған. Студент, каратэден спорт шебері, полиглот, қысқасы өн бойына сан өнерді сыйдырған ару байқау барысында өз пікірімен бөліскен болатын.

"Менің өзгешелігім, менің жасымда деп ойлаймын. Мен ең жас қатысушы болып табыламын. Және де менің ойымша, мен ең жігерлісімін. Негізінен мен бүкіл арулармен танысып, достасқан болатынмын. Бірақ та ең жақын араласып жүрген қыздар ол Армения, Ресей, Украина және де Ямайка ауры", - деген еді Камилла.

Отандасымыз әлем елдері алдында ұлтының басты құндылықтарын паш етуді міндет етіп қойған. Сондықтан болар, өзін таныстыруда туған жердің тұмса табиғаты мен салт-дәстүрі, қазақтың қонақжайлық қасиеті, берекелі дастарханы мен мыңдаған жылдық тарихы бар ежелгі мұралары көрсетілген. Әлем аруы сахнасындағы қазақы образы да өзгелерден ерек.

"Басқа елдің қыздары да менің осы ұлттық киімімді көріп, бәрі тамсанып, және де ұлттық киімім жайлы өте көп сұрақтар қойып, қызыққан болатын. Кураторлардың бірі маған ең ұнаған ұлттық киім, ол сенің ұлттық киімің деді. Сол кезде өте қатты қуанып қалғанмын", - дейді Камилла.

Байқау ұйымдастырушылары финалда қауіпсіздік шарасын сақтауға барынша күш салған. Дүниежүзінен келген қатысушылар алдын ала карантинге жатқызылып, байқау басталар кезде коронавирусқа тест тапсырады. Маска мен әлеуметтік қашықтық режимі де басты талаптардың бірі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1912830-alemdegi-en-sulu-aru-anyqtaldy-foto-video/

pixel