Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлақ неге шыңылдайды: Дәрігер жауап берді

Жарияланған күні:

Құлақ
Көрнекі сурет: pixabay.com

Невролог-дәрігер Александр Евдокимов құлақтың шыңылдауы ағзадағы көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін ескертуде. Бұл туралы ол "Пятый канал" басылымына берген сұхбатында айтты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Дәрігердің айтуынша, ондай аурулардың арасында ең көп тарағаны - ЛОР патологиясы.

"Бұл қабыну ауруы, есту жүйкесі, ми қабығындағы есту орталықтарында әртүрлі зақымдану болуы мүмкін екенін білдіреді", - деп түсіндірді Евдокимов.

Маманның сөзіне сенсек, құлақтағы шудың тағы бір ықтимал себебі шықшыт буынының қабынуы немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ мойын омыртқасы мен атеросклероз сияқты тамыр аурулары болуы мүмкін екен.

"Құлақтың шыңылдауы дәрі-дәрмек қабылдауға да байланысты болады. Егер сіз ұзақ уақыт дәрі қабылдап, кенет құлағыңыз шыңылдаса, дәрігермен кеңесіңіз", - дейді невролог.

Евдокимов құлақтың шыңылдауы қант диабетін де қоздыратынын баса айтты.

Осындай жағдай туындағанда невролог бірінші кезекте қан қысымын өлшеуге кеңес берді, өйткені қан қысымы көтерілгенде немесе төмендегенде құлақ шыңылдауы мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін Қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ашығу бірнеше қауіпті ауруды туындатуы мүмкін деген қорытындыға келген болатын.

Қытай ғалымдарының сөзінше, күнделікті үш уақыт тамақтанатын ер адамдарға қарағанда таңғы асын ішпейтіндердің диабетке шалдығу қаупі 25 пайызға жоғары болады. Диабеттің дамуына түрткі болатын басқа да факторларды ескермейтін болсақ, таңғы астан бас тарту аурудың даму қаупін 16 пайызға арттырады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1913252-qulaq-nege-synyldaidy-dariger-zauap-berdi/