17 күнін шөлде өткізген қария ғажайыптың күшімен аман қалды
Жарияланған күні:
АҚШ тұрғыны 17 күнін Орегон штатындағы шөлде өткізіп, аман қалды. Бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасаған "Хабар 24" хабарлайды.
69 жастағы Гарри Берли 6 мамыр күні балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Ал оның көлігі 8 мамыр күні қаңыраған күйде табылды. Құтқарушылар америкалықтың ізімен жүріп отырған.
23 мамыр күні ер адам өзі қолдан жасап, паналап жүрген үйшіктен табылды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, оның денсаулығы қалыпты, тек жүрген кезде аяғы ауыратын көрінеді.
Берли тікұшақпен ауруханаға жеткізіліп, толық тексерістен өтті. Бүгінде ол ем қабылдап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында шкаф ішінде ұйықтап жатқан 9 жасар қызды полиция қызметкерлері мен бүкіл ауыл төрт сағат бойы шарқ ұрып іздегенін жазған едік.
Қыз баланы іздеуге ниетті адамдар көптеп жиналған сәтте жоғалған қыздың атасы полицияға телефон шалып, немересін шкаф ішінде ұйықтап жатқан жерінен тапқанын айтқан.
Ол ойыннан үйге кеш қайтқаны үшін жазаланудан қорқып, шкаф ішіне тығылып ұйықтап қалған екен.
Одан бөлек, Қызылордада әжесі таксиге мінгізіп жіберген 7 жасар жеткіншек жоғалып кеткені туралы жазған едік.
Әжесі такси жүргізушісіне нақты мекенжайын көрсетіп, немересін анасына жіберген. Бір сағаттан кейін келініне қоңырау шалған кейуана баланың үйге әлі келмегенін біліп, дереу 102-ге хабарлама түсіреді. Абырой болғанда, қыз бала көп ұзамай аман-есен табылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914297-17-kunin-solde-otkizgen-qariya-gazaiyptyn-kusimen-aman-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.