Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көрейін дедім": Көптеген оқырманы бар шымкенттік әжей қалай блогер атанды

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Шымкентте 60 жастағы апа "Үздік блогер" атанды. Ол университет қабырғасында 40 жылдан бері ағылшын тілін үйретіп келеді. Ал соңғы жылдары Instagram әлеуметтік желісінде парақша ашып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп жүр. Немерелерімен тик-ток түсіреді, шәкірттеріне тәжірибесімен бөліседі деп хабарлайды Отырар арнасы.

Айман Асылбекқызы 40 жылдық тәжірибесі бар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Алайда оқытушы шәкірт тәрбиелеумен ғана шектеліп қоймай, блогерлікті де қатар алып жүр.

Оның айтуынша, алпысқа келген шағында бұл саланы меңгеруіне әріптестері түрткі болған.

"Зейнеткерлікке шығатын уақытым жақындап қалды. Сосын не істеймін деп жүргенде әріптестерім блогер болмайсыз ба? Сіздің суреттеріңіз, посттарыңыз қызықты, асыға күтеміз деп айтты. Сосын мен зейнетке шыққанда не істеймін? Неге жүргізбеске, көрейін дедім", - деді Айман Асылбекқызы.

Блогерлікті бастапқыда қызығушылықпен ғана бастаған әжей бүгінде бірнеше жобаларға қатысып, Шымкент қаласында осы сала бойынша үздік атанған. Алайда ол білім алуды әлі де тоқтатпайтынын жеткізді..

Айман Асылбекқызы жастардың сұранысына сай тик-ток пен вайн түсіруді де құптайтынын жасырған жоқ. Егер тәрбиелік мәні болса, оның еш әбестігі жоқ дейді әжей.

Сонымен қатар, ол кез-келген дүниені өз болмысымызға ыңғайлауға болатынын атап өтті..

"Бұрын тик-ток десе, Құдай-ау немене бәле мынау, деп жақтырмайтын едік. Немерелерім тик-ток ашып қойса, жауып тастаңдар деп рұқсат бермейтін едім. Кейін қарасам тик-токтың ішінде де пайдалы, тәрбиелік мәні бар дүниелер көп екен. Сөйтіп соларды таңдап-таңдап, немерелерімізбен бәріміз үйреніп алдық", - Айман Асылбекқызы.

Заман талабынан ұялмау керек деген әжейдің ендігі арманы оқырмандарына ағылшын тілі курсын ашу, әлеуметтік желі арқылы тіл үйрету екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914795-koreiin-dedim-koptegen-oqyrmany-bar-symkenttik-azei-qalai-bloger-atandy/

pixel