Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда тойда көз жұмған қалыңдықтың орнына сіңілісі тұрмысқа шықты

Жарияланған күні:

Той
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістанда қалыңдық неке қию рәсімінде көз жұмды. Ал оның жанұясы тойды тоқтатпауды жөн көріп, күйеу жігітке марқұм қыздың сіңілісін тұрмысқа берген деп жазады centralasia.media.

Оқиға Үндістандағы Самаспур ауылында болған. Қалыңдық пен күйеу жігіт қорытынды "фера" той рәсіміне дайындалып жатқанда қалыңдық ойда-жоқта есінен танып қалған.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігер оның өлімін тіркеген. Қалыңдықтың күтпеген жерден жүрегі тоқтап қалған екен.

"Біз бұл жағдайда не істерімізді білмедік. Жанұямызбен келісе отырып, кіші қарындасымызды тұрмысқа береміз деп шештік", - дейді қыздардың ағасы.

Айтуынша, марқұм қыздың денесі күйеу жігіт пен қалыңдықтың неке қию рәсімі өткен жердің маңындағы бөлмеде жатқан.

"Бұл - біздің жанұямыз үшін ауыр сынақ. Бірінші қызы бір бөлмеде өлі күйінде жатты, ал келесі бөлмеде екінші қызының тойы өтіп жатты. Мұндай аралас эмоцияны ешқашан бастан өткермегенбіз", - дейді қыздардың жақын туысы.

Айта кетейік, осыған дейін Үндістанда қалыңдық сүйіктісінің көбейту кестесін білмеуіне байланысты үйлену тойдан бас тартқанын жазған едік.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, неке қиятын сәтте қалыңдық күйеу жігіттен 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуді сұраған. Алайда ер адам ханшайымының бұл сынынан өте алмапты. Осыдан кейін қалыңдық аталған азаматқа үйленуден бас тартқан екен.

"Күйеу жігіттің отбасы оның білімі туралы ештеңе айтпаған еді. Оның мектепке де бармауы мүмкін", - деп қыздың немере ағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915486-undistanda-toida-koz-zumgan-qalyndyqtyn-ornyna-sinilisi-turmysqa-syqty/