RU

Сүйіктісінің көбейту кестесін білмегеніне намыстанған қалыңдық үйлену тойдан бас тартты

Фото
Көрнекі фото: pxhere.com

Үндістанда қалыңдық сүйіктісінің көбейту кестесін білмеуіне байланысты үйлену тойдан бас тартты деп хабарлайды Lenta.ru.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, неке қиятын сәтте қалыңдық күйеу жігіттен 1-ден 9-ға дейінгі сандарды 2-ге көбейтуді сұраған.

Алайда ер адам ханшайымының бұл сынынан өте алған жоқ.

Осыдан кейін қалыңдық аталған азаматқа үйленуден бас тартты.

"Күйеу жігіттің отбасы оның білімі туралы ештеңе айтпаған еді. Оның мектепке де бармауы мүмкін", - деп қыздың немере ағасы.

Сонымен қатар, қалыңдықтың туысы тұрмысқа шыққысы келмеген қарындасының әрекетін жоғары бағалады.

Одан бөлек, екі тараптың үйлену тойы қарсаңында жасаған сыйлықтар мен әшекейлерді бір-біріне қайтарып беруге келіскені белгілі болды.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайды қалыңдығына оғаш сыйлық берген жігіттің үйлену тойы болмай қалғанын жазған едік. Қалыңдық ғашығының төстартқыш сыйлағанына бола қатты ашуланып, тойға келуден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1911790-suiiktisinin-kobeitu-kestesin-bilmegenine-namystangan-qalyndyq-uilenu-toidan-bas-tartty/