Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас ауырғанда өмірге қауіп төндіретін қандай қателікке бой алдырмау керек: Дәрігер ескертпесі

Опубликовано:

Бастың ауыруы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейлік невролог-дәрігер Александр Евдокимов адамдар басы қатты ауырған сәтте қандай қателікке бой алдырмау керектігін "Бесінші арнаға" берген сұхбатында айтып берді.

Дәрігер басыңыз кенеттен ерекше қатты ауыра бастағанын сезсеңіз, бірден бас ауырғанды басатын дәріні ішуге асықпаған жөн екенін ескертуде.

Маманның пікірінше, адам осылайша өміріне қауіп төніп тұрғынан түсінбей қалуы мүмкін.

"Бастың ауыруы инсульт алдындағы жағдайда, гипертониялық криз және қан тамырлары аневризмі кезінде пайда болуы мүмкін. Егер адам бастың ауырғанын дәрілердің көмегімен басып жүре берсе, мұның соңы өте ауыр зардаптарға, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін", - дейді Евдокимов.

Невролог ауырсынуды басатын дәрілер тек симптомдарды жоятынын ал дерт одан сайын асқына беруі мүмкін екенін де айтады.

"Салдарынан ем қабылдауға қолайлы уақытты жіберіп алуыңыз ғажап емес", - дейді ол.

Евдокимов бұрын-соңды болып көрмеген қатты бас ауыру жағдайын сезінгендерге жағымсыз салдардан аулақ болу үшін дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Невролог бастың ауыруы тынықпай жүре бергеннен немесе мигреньнен болуы да мүмкін екендігін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Александр Евдокимов құлақтың шыңылдауы ағзадағы көптеген аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

Мұндай жағдай туындағанда невролог бірінші кезекте қан қысымын өлшеуге кеңес берді, өйткені қан қысымы көтерілгенде немесе төмендегенде құлақ шыңылдауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1915641-bas-auyrganda-omirge-qauip-tondiretin-qandai-qatelikke-boi-aldyrmau-kerek-dariger-eskertpesi/

pixel