jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Мысырда екі отбасының арасындағы жанжал он адамның өлімімен аяқталды

Жерлеу
Көрнекі фото: pixabay.com

Мысырдың Кена аймағында екі отбасының арасында туындаған жанжалдан кем дегенде он адам қаза тапты. Куәгерлердің сөзінше, кикілжіңге суару сорғысы себеп болған деп жазады РИА Новости.

Қанды оқиға Абу-Хизам ауылында болған. Ас-Саадия және аль-Авамер отбасыларының арасындағы жанжалдың соңы атыс пен жаппай төбелеске ұласқан.

Куәгердің сөзінше, жанжал суару сорғысынан шыққан.

Ең алдымен ас-Саадия әулетінің мүшесі қайтыс болыпты. Содан кейін оның туыстары аль-Авамер отбасының мүшелері отыр деп ойлап, шағын автобусқа оқ жаудырған. Алайда, кейінірек автобустың ішінде басқа да әулеттің мүшелері болғаны анықталған.

Әзірге көз жұмған сегіз адамның кім екені белгілі болған. Оның ең үлкені 65 жаста болса, ең кішісі сегіз жасар бала.

Қазіргі таңда оқиға орнына қауіпсіздік күштері келген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында тойға дайындалып жатқан туысқандар арасында жанжал туындап, пышақ жарақатын алған ер адам қайтыс болғанын жазған едік. Оқиға 2021 жылдың 30 қаңтарында орын алған.

Қалыңдықтың үйіне жиналған туыстар азық-түлік дайындап жатқан. Ондаған ер адам палау үшін көкөніс турап отырыпты.

Бір сәтте 42 жастағы екі туыстың арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адамның бірі қарсыласының кеудесіне пышақ сұғып, ол жүрегін тесіп өткен. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болған.

Күдікті кінәсін мойындап полицияға өзі барған.

Мысырда екі отбасының арасындағы жанжал он адамның өлімімен аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.