Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп бітіру кешінде оқушысына аяқ киімін шешіп берген мұғалім көптің жүрегін елжіретті (фото)

Опубликовано:

Туфли
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Луизиана штатында мейірімді мұғалім дресс-кодты сақтамағаны үшін сахнаға жіберілмеген оқушыға аяқ киімін шешіп берді деп жазады Lenta.ru.

Оқиға Hahnville High School мектебінде болған.

18 жастағы Даверис Петерс мектеп бітіру кешіне ақ жейде, қара шалбар, күлгін түсті мантия мен бас киім және қара түсті кроссовка киіп келген.

Ал мектеп бітіруші оқушылардың дресс-кодында бозбалалардың қара туфли киіп келуі керек екені айтылған.

Жас жігіт сахнаға кроссовкасымен шықпақ болған кезде оны рәсімнің ұйымдастырушылары шығармай қойыпты.

"Маған менің аяқ киімім дресс-кодты бұзатынын, егер мен оны ауыстырмасам рәсімге қатыса алмайтынымды айтты. Мен қатты есеңгіреп, өзімді қорланғандай сезіндім. Мен жай ғана сахнаға шығып, дипломымды алғым келді", - дейді Даверис Петерс.

Джон Батлерс
Джон Батлерс пен Давериус Петерс. Фото: lenta.ru

Дегенмен келеңсіз жағдай Петерстің 38 жастағы мұғалімі Джон Батлердің арқасында оңай шешілген. Мәселені түсінген педагог аяқ киімін шешіп, оқушысына берген.

Джон салтанатты іс-шараға ата-ана ретінде қатысқан. Өйткені оның да қызы мектеп бітіріп жатқан екен. Осылайша, аяқ киімін шешіп берген ол рәсім соңына дейін шұлықпен отырған.

"Маған басшылықтың талабы ақылға қонымсыз болып көрінді. Себебі жігіттің аяқ киімінде тұрған ештеңе жоқ. Бұл оның өміріндегі ең маңызды сәт болғандықтан, мен оның мұны жіберіп алуына жол бермедім", - дейді Джон Батлер.

Джон мектеп әкімшілігімен кездесіп, мектеп бітірушілерге арналған рәсімді талқылап, бірқатар өзгеріс енгізбек ниетте екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916061-mektep-bitiru-kesinde-oqusysyna-ayaq-kiimin-sesip-bergen-mugalim-koptin-zuregin-elziretti-foto/

pixel