Естелікке толы 90-жылдар: Өткен күннен сыр шертетін түрлі-түсті суреттер жарияланды
Жарияланған күні:

1990 жылдары түсірілген түрлі-түсті суреттерді zefirka.net сайты көпшілік назарына ұсынды.
1990-жылдар - ел тарихындағы ерекше кезеңдердің бірі. 90-жылдардағы суреттерді әрбір отбасының альбомында кездестіруге болады.
Көпшілік үшін ыстық болып көрінетін осындай суреттердің бірқатары БАҚ беттерінде де жиі жарияланып жатады.
Бұл суреттерден дүкен алдындағы ұзын-сонар кезектерді, көшеге жайғасып, тауарларын сатуға тырысып жүрген адамдарды, топ болып, үйіне бет алған оқушыларды, ыдыстарға толы серванттарды жиі байқауға болады.
Өзіндік ерекшелігі бар бұл кезеңнің бірқатар әсерлі әрі түрлі-түсті суреттерін назарға ұсынамыз.
Дене шынықтыру сабағы

Қымбат сервиз

Шұжыққа кезек

Банкке келуші

Сүтке кезек

Тұрғындар ет таңдауда

Аден Делон автограф беруде

Көшедегі сатушы

"КСРО аруы - 1990" байқауы

Жұмыс күнінің соңы

Оқушылар үйлеріне қайтып бара жатыр

Жас жұбайлар

Софи Лорен автограф беруде

Арнольд Шварцнеггер Мәскеуде, 1996 жыл

Еске салсақ, бұған дейін 1940 жылдары түсірілген суреттердің түрлі түске боялған нұсқасын жариялаған едік.
Екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде түсірілген суреттердің басым бөлігін немістер Agfacolor пленкасына таспалаған.
Бүгінде Life журналының мұрағатында сақталған Хуго Йегер түсірген фотолар жақсы сақталуының арқасында бізге дейін сол қалпында жетіп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916963-90-zyldary-tusirilgen-suretterdin-turli-tusti-nusqasy-zariya-boldy-foto/