Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кофені қай уақытта ішкен дұрыс: Диетолог кеңесі

Опубликовано:

Кофе
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог-дәрігер Маргарита Королева кофені нақты қай кезде ішкен дұрыс екенін айтты. Оның сөзінше, бұл сусынды тамақтанудың дәл алдында немесе тамақтанып бола салысымен ішуге болмайды деп хабарлайды Lenta.ru.

Диетологтың түсіндіруінше, таңертең кофе ішуді әдетке айналдырған дұрыс емес.

Өйткені сусын ағзаға тамақпен бірге түсетін пайдалы заттарды сіңіруге мүмкіндік бермейді. Мәселен, темір, цинк, магний және кальцийді сіңіру процесі нашарлайды.

"Бұл минералдар - әйелдер мен ер адамдардың денсаулығының негізі", - дейді Королева.

Маманның пікірінше, кофені негізгі астың арасында ішкен абзал. Яғни, кофені тамақтанар алдында жарты сағат бұрын немесе ас ішкеннен бір сағат өткен соң ғана ішу керек.

Мұндай әдіс сусынның құрамындағы пайдалы заттарды ғана емес, организмдегі минералды балансты сақтауға көмектеседі.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік диетолог-дәрігер Елена Соломатина адам денсаулығына зиян келтірмейтін балмұздақты қалай таңдауға болатынын және күніне қанша данасын жеу керектігін айтқан еді.

Диетологтың сөзінше, балмұздақ таңдағанда табиғи өнімнен жасалған түріне баса мән беру керек.

"Балмұздақтың ең пайдалы түрі - сорбет. Бұл өнім табиғи шырыннан жасалады. Оның құрамында қанттың болмағаны жөн", - дейді дәрігер.

Осы ретте диетолог егер тым көп жесе тіпті, ең пайдалы балмұздақтың өзі зиянды болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның айтуынша, дені сау адамға күніне бір порция балмұздақ жесе жеткілікті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1916974-kofeni-qai-uaqytta-isken-durys-dietolog-kenesi/

pixel