jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркіменстанда мектеп бітіруші ер балаларды емтиханнан соң әскерге алып кеткен

Мектеп
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркіменстан астанасы Ашхабадта 15 маусымда мектеп бітіруші түлектер емтихан тапсырып бола салысымен әскери комиссариатқа жеткізілді. Оларды мектептен әскерилер мен полиция қызметкерлері алып кеткен деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

№15 мектепке полиция қызметкерлері мен әскери комиссариаттың өкілі таңертең келген. Әскерге шақырту алып, 18 жасқа толған жігіттер ең алғашқы болып емтихан тапсырған. Сыныптан шыққан бойда оларды әскери борышын өтеу үшін комиссариатқа әкеткен.

"Емтихан 8 сағат 30 минутта басталды. Сағат 10-ға таман мектепке төрт полиция қызметкері мен бір әскери қызметкер келді. Олар әскерге шақырту алған мектеп бітірушілерді шошытып алмау үшін штатты формада болды", - дейді куәгерлердің бірі.

Басылым тілшілерінің мәліметінше, дәл сол күні мұндай жағдай Ашхабадтың басқа да мектептерінде болған көрінеді.

Ал емтихан тапсырып болған соң ешкімге білдірмей кетіп қалғандардың үйіне комиссариат қызметкерлері жеке-жеке барған.

Сонымен бірге, ашхабадтық әскерилер ата-аналардан өз балаларын жиналу орнына әкелуін талап еткені, әскери комиссариатқа келмеген жағдайда жігіттерді қатаң жаза күтіп тұрғанын ескерткені атап өтілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ашхабадта елдің ең әдемі студент қызын анықтағанын жазған едік.

Байқау қортындысы бойынша "2021 жылдың ең әдемі студенті" атағын Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университетінің түркімен тілі және әдебиеті факультетінің 4 курс студенті Гүлназ Атаева жеңіп алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.