Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер жұтып қойды": Өздігінен асфальт астына кеткен көлік жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

Көлік
Кадр: Twitter / TOI Mumbai

Үндістанда көліктердің бірі асфальт астына кетті. Оқыс жағдайдың видеосы көпшіліктің зәресін алған деп хабарлайды The Times of India басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы.

The Times of India басылымының ақпаратына сәйкес, оқыс жағдай Мумбаи қаласында болған. Тұрақта тұрған SUV көлігінің кенеттен жер астына кетіп, ғайып болған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп, желіге жария еткен.

Кейін белгілі болғандай, жүргізуші көлігін құдық үстіне қойып кеткен екен. Құдықтың жартысы бетон плитамен жабылып тұрғасын, жұрт онда көлігін қоюды әдетке айналдырыпты.

Салдарынан санаулы секунд ішінде көлік жер астына кіріп кетеді.

Айта кетерлігі, мұндай құдықтар жергілікті өңірлерде жиі кездесіп жатады. Тұрғындар құдыққа маса жиналмас үшін оны бетонмен қаптап қояды екен.

Алайда соңғы күндері болған қатты жауын салдарынан бетон көліктің салмағын көтере алмай, қирай бастаған.

Абырой болғанда, оқыс жағдай кезінде көлікте ешкім болмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында тау өзені Лепсі ауылындағы көпірді шайып кеткенін жазған едік.

Жағдайға қатысты Алакөл ауданының әкімдігі пікір білдіріп, желіде тараған ақпаратты растаған. Ведомствоның мәліметінше, таудағы қардың еруі салдарынан Лепсі өзені көтерілген. Осылайша, 29 сәуір күні айналма көпірге нұқсан келген.

Келесі күні, 30 сәуірде нөсер жаңбырдың салдарынан көпірді лай су шайып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1918648-zer-zutyp-qoidy-ozdiginen-asfalt-astyna-ketken-kolik-zurttyn-zaresin-aldy-video/

pixel