Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өзеннен өтетін көпірді су шайып кетті (видео)

Опубликовано:

Көпір
Оқиға орны. Фото: Алкөл ауданының әкімдігі

Алматы облысында тау өзені Лепсі ауылындағы көпірді шайып кетті. Жағдайға қатысты Алакөл ауданының әкімдігі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде таралуда. Камераға қирап қалған көпірді түсірген. Автордың сөзінше, 30 сәуір түні Лепсі ауылындағы уақытша көпірді су шайып кеткен. Ал бұдан басқа өзеннен өтетін жол жоқ.

"Өзен көтеріліп, тасып жатыр. Енді Лепсімен байланыс жоқ", - дейді автор.

Алакөл ауданының әкімдігі ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, таудағы қардың еруі салдарынан Лепсі өзені көтерілген. Осылайша, 29 сәуір күні айналма көпірге нұқсан келген.

Келесі күні, 30 сәуірде нөсер жаңбырдың салдарынан көпірді лай су шайып кеткен.

"29 сәуірде өзен ағыны көпірдің Қабанбай-Лепсі автожолына тиесілі бөлігін бүлдірді. Күннің бірден жылынуынан су көтерілді.

Оқиға орнына жедел қызметтер - төтенше жағдай, полиция, транспорт және автокөлік жолдары бөлімі, аудандық әкімдік пен жергілікті ауыл округінің қызметкерлері, сондай-ақ автожолға жауапты "Алакөл жолдары" ЖШС жетті.

Жөндеу жұмыстары кезінде, 30 сәуір күні көпірді тағы шайып кетті. Қазір оқиға орнында арнайы техниканы қолданып, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда", - дейді ведомство.

Әкімдіктің мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910689-almaty-oblysynda-ozennen-otetin-kopirdi-su-saiyp-ketti-video/

pixel