Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны – бір жолаушыға 125 мың доллар": Америкалық компания ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастады

Опубликовано:

Ұшу кемесі
Фото: Space Perspective

2024 жылы Space Perspective компаниясының Neptune One ғарыш кемесімен алғаш рет ғарышқа саяхаттап баруға болады. Туристерге арнайы дайындық қажет емес деп хабарлайды Turizm.ru.

Басылымның дерегіне сүйенсек, ұшу құны – бір жолаушыға 125 мың доллар. Тіркелу үшін алдын ала 1000 АҚШ доллары көлемінде төлеу жасауыңыз керек.

Алты сағаттық саяхат үлкен шардың, яғни футбол стадионының көлеміндей "Нептун" атты ғарыш кемесіне тіркелген капсулада өтеді.

Жұмсақ ортопедиялық орындықтарға жайғасқан жолаушылар ғаламшарды өз көзімен көру үшін Жерден 30 500 қаштық биіктікке көтеріледі.

Ал шыны кабинадан 360 градусқа панорамалық көрініс ашылмақ.

Капсула әуе кемесінің командирін санамағанда 8 туристің ұшуына арналған.

Алып әуе шары екі сағат ішінде адамдармен бірге капсуланы 30 шақырым биіктікке көтеріп, жер атмосферасының 99%-ын төменге қалдырады. Содан кейін негізгі рейстің тағы екі сағаты бар. Әуе кемесі планетаның үстімен қалқиды, ал осы сәтте туристер Жерді бақылап, фотоға, видеоға түсіру мүмкіндік алады.

Айтарлықтай ерекше әсерімен тап сол уақытта әлеуметтік желіде бөліскісі келетіндер үшін капсулада тікелей трансляцияға қауіпсіз қосылуға мүмкіндік беретін Wi-Fi бар.

Бастапқы ұшу алаңы Флоридадағы (АҚШ) Канаверал мүйісінде орналасқан, америкалық пилоттық ғарыш аппараттарының көп бөлігі осы жерден көкке көтерілетінін айта кетейік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1919550-quny-bir-zolausyga-125-myn-dollar-amerikalyq-kompaniya-garysqa-usuga-tapsyrys-qabyldaudy-bastady/

pixel