Аяқтың төменгі тұсындағы ауырсынулар қауіпті дерттен хабар беруі мүмкін
Жарияланған күні:
Мықындағы, омыртқа немесе аяқтың төменгі тұсында пайда болған ауырсынулар қуықасты безі қатерлі ісігінің дамуын көрсетуі мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, осы белгілер пайда болса, тексерілу үшін бірден дәрігерге жүгіну керек.
Сонымен бірге эрекция мәселелері, эякуляция кезіндегі жайсыздық, зәр шығару жолдарындағы ауырсынуылар мен қан аралас ұрықтың шығуы да қуықасты безі қатерлі ісігінің белгілеріне жатады.
Қуықасты безінің қатерлі ісігі - қуық асты безінің альвеолярлы-жасушалық элементтерінің эпителийінен пайда болатын қатерлі ісік. Онкологияның бұл түрі ер адамдарда жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі.
Айта кетсек, бұған дейін ғалымдар терінің сұрлануы ішек жолдарының қатерлі ісігінен хабар беруі мүмкін екенін айтқан. Көп жағдайларда бет түсінің сұрлануы қан аздықтан болуы мүмкін. Алайда бұл белгі ағзада қатерлі ісікке байланысты өткір темір тапшылығы пайда болған кезде пайда болуы ықтимал.
Еске сала кетсек, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасының белсіздікке ұшырататыны туралы әңгіменің негізсіз екенін мәлімдеген болатын.
"Тұмау немесе басқа да ауруларға қарсы вакциналар белгілі бір дәрежеде жыныстық функцияға әсер етуі мүмкін. Бірақ олар да, коронавирусқа қарсы вакцина да белсіздікке ұшыратпайды", - дейді Ләззат Ералиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899202-ayaqtyn-tomengi-tusyndagy-auyrsynular-qauipti-dertten-xabar-berui-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.