jitsu gif

Жалғыз үй ғана сыятын "арал" Гиннестің рекордтар кітабына енді

Үй
Фото: bigpicture.ru

АҚШ-та тұратын Сайзлендтер отбасы Канада мен АҚШ шекарасына жақын жерде ағып өтетін Әулие Лоренс өзенінің архипелагына үй салып, Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады bigpicture.ru.

Сайзлендтер отбасы архипелагтағы бұл ерекше үйді 1950 жылдан бастап паналап келеді.

Сайзлендтер отбасы ауданы 300 шаршы метрден сәл асатын кішігірім аралға үй салып, қасына тіпті үлкен ағаш отырғызып, барбекю алаңын жасап қойған.

Дегенмен кейде өзендегі су деңгейі жоғарылаған кездері отбасы үйдің заттарын су шайып кетпес үшін біраз әбігерге түседі екен.

Қазір аралдағы жалғыз үй қазір Instagram қолданушылары арасында ерекше танымал.

Көпшілікке сұхбат беріп, ел назарында болуды айтарлықтай ұнатпайтын отбасына тиесілі үйдің суреттерін әдетте саяхатшылар желіге жария етіп жатады екен. Олар аралда орналасқан жалғыз үйінің арқасында Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, әлем жұртшылығының ерекше назарына ілінген Қытайдағы "жасыл үй" жергілікті тұрғындар безіп жатқанын жазған едік.

"Тік орман" деп аталатын жоба жоспар бойынша ерекше сұранысқа ие болуы тиіс еді. Алайда үй адамдардың емес, масалардың мекеніне айналған. "Эко-жұмаққа" айналуы тиіс болған ғимарат "ақырзаман фильмдерінен" үзіндіні еске салатын көрінеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.