Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамақ ішкен соң жаяу жүру қаншалықты пайдалы

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Америка Құрама Штаттарының диабет қауымдастығының мамандары маңызды ақпаратпен бөлісті. Олардың сөзінше, тамақ ішкеннен кейін жаяу жүріп серуендеу қандағы қанттың мөлшерін азайтып, ағзаға күш береді деп жазады Qadam.asia.

Зерттеушілер тамақтан соң ұйықтап қалмауға кеңес берді. Ең дұрысы – серуендеп қайту.

"Адам тамақ ішіп ап, бір орында отыра бергені дұрыс емес. Қанда қант көбейіп кетеді. Әсіресе, көміртегісі мол тамақ ішкенде қант мүлдем көбейіп кетуі ықтимал. Ал қанда қант көбейіп кетсе, қан айналымы нашарлап, жүйке жүйесі мен басқа ағзалардың зақымдануына алып келеді. Қант көбейген сайын, инсулин гормоны да көбейеді. Ал ол қант диабетіне әкеледі", — деді АҚШ ғалымдары.

Олардың сөзінше, адам тамақ ішкен соң, тоқ басып біраз жаяу жүруі қажет. Содан қанда қанттың көбейіп кетуі бәсеңдейді. Тіпті, қанында қанты мол адамдар жаяу жүрсе, айтарлықтай төмендеуі де мүмкін.

Ғалымдар мынандай зерттеу жүргізіп көрген екен. Тәжірибеге алынған адамдарды тамақ ішкен соң, 10 минуттай серуендеткен. Яғни, күніне 3 рет тамақтанса, сәйкесінше, 30 минут уақытын жаяу жүруге жұмсаған. Сонда тамақтан соң серуенге шыққан жандардың қанындағы қант көлемі шықпағандардан әлдеқайда аз болған.

Тамақтан кейінгі серуеннің басқа да пайдалары бар.

  • Бірінші кезекте, асқазанның қорытуы жақсарады. Ішке түскен ас асқазан, ішек жолымен оңай өтеді.
  • Екіншіден, іш қатудың алдын алады. Адам жаяу жүрген кезде, асқазанның төменгі бөлігіне массаж жасалады да, ішек жұмысына күш түспейді.
  • Үшіншіден, күйзелесті жояды. Өмірде күйзеліс көбейсе, тамақтан соң серуендеудің пайдасы ерекше. Таза ауада жүрген адамның ағзасында кортизолдың (стресс гормоны) бөлінісі азаяды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1920729-tamaq-isken-son-zayau-zuru-qansalyqty-paidaly/

pixel