RU

Өмір жасын ұзартудың оңай жолы қандай: Дәрігер кеңесі

Қарттық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия-1" телеарнасында өмірді ұзартудың ең тиімді әдісі туралы айтып берді деп жазады BAQ.KZ.

Ақ халаттының айтуынша, физикалық жаттығу кез келген жастағы адам үшін үлкен маңызға ие. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдар да қимыл-қозғалыстың арқасында өмір жасын ұзарта алады деп санайды дәрігер.

"Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар төсек тартып жатады, тіпті қозғалмайды. Егер олар белгілі бір жаттығулар жасаса, сол кезде біршама ұзақ өмір сүретін болады", - деп түйіндеді дәрігер.

Мясников бұл үшін арнайы фитнес-клубтарға барып, абонемент сатып алудың қажеті жоқ дейді.

"Лифттен бас тартыңыз. Бір жерге баруыңыз керек болса, жаяу жүріңіз. Күніне кем дегенде бес шақырым жүру керек. Көп отырмаңыз, көбірек тұруға тырысыңыз", - деп кеңес берді дәрігер.

Маман өмірін ұзартқысы келетіндерге таза ауада жүгіріп, жүзумен айналысуға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін Америка Құрама Штаттарының диабет қауымдастығының мамандары маңызды ақпаратпен бөліскенін жазған едік. Олардың сөзінше, тамақ ішкеннен кейін жаяу жүріп серуендеу қандағы қанттың мөлшерін азайтып, ағзаға күш береді.

"Адам тамақ ішіп ап, бір орында отыра бергені дұрыс емес. Қанда қант көбейіп кетеді. Әсіресе, көміртегісі мол тамақ ішкенде қант мүлдем көбейіп кетуі ықтимал. Ал қанда қант көбейіп кетсе, қан айналымы нашарлап, жүйке жүйесі мен басқа ағзалардың зақымдануына алып келеді. Қант көбейген сайын, инсулин гормоны да көбейеді. Ал ол қант диабетіне әкеледі", — деді АҚШ ғалымдары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1921098-omir-zasyn-uzartudyn-onai-zoly-qandai-dariger-kenesi/