Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойы 205, аяғы 135 см: Әлемдегі ең ұзын арулардың бірі туралы не білесіз

Опубликовано:

Рене
Фото: Instagram / rentsenkhorloo_bud

Әлемдегі ең ұзын аяққа ие бойжеткендердің бірі АҚШ-та тұрады. Сұңғақ бойлы аруға қатысты бірқатар қызықты деректерді Bigpicture.ru сайты назарға ұсынды.

Рене Бад - аяғы ең ұзын деп танылған арулардың бірі. Ол осы ерекшелігімен әлемдік рекорд орнатуы әбден мүмкін.

Моңғолия тумасы Рене балалық шағын Оңтүстік Кореяда өткізген. Ал қазір АҚШ-та тұрады. Шын есімі - Ренценхорлу Бад.

Оның бойы 205 сантиметр, ал аяғының ұзындығы 135 сантиметр және бір миллиметр.

Салыстырар болсақ, бүгінгі таңда рекордшы болып табылатын Екатерина Лисинаның аяғының ұзындығы 133 сантиметр.

Бойжеткеннің айтуынша, оның отбасы мүшелерінің бәрі сұңғақ бойлы келеді - әкесінің бойы 208 сантиметр, анасының бойы 185 сантиметр.

Мектептегі алғашқы күндерінен бастап Рене басқаларға ұқсамайтындығын түсінетін. Мәселен, оның бірінші сыныптағы бойының ұзындығы 168 сантиметр еді.

Бойжеткен үшін кішкентай есіктер, аласа ғимараттар және әйелдерге арналған үлкен аяқ киімнің болмауы қашан да қиындықтар тудырып жатады.

Десе де модель ретінде бағының жануы және әлеуметтік желілердегі көптеген жазылушылар бұл қиындықтарды еш сездірмейді дейді ару.

Рене бүгінде аяғы ұзын қыздарға арналған леггинстер шығаратын брендті жарнамалап жүр.

Еске салсақ, бұған дейін Рене бойының ұзындығынан қысылмайтыны туралы сұхбат берген еді. Ол керісінше биік өкшелі аяқ киім мен келте шалбар кигенді ұнататынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922356-boiy-205-ayagy-135-sm-alemdegi-en-uzyn-arulardyn-biri-turaly-ne-bilesiz/

pixel