jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Кардиолог қан қысымын төмендететін тағамдарды атады

Қан қысымы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейлік кардиолог дәрігер Валентина Байдина қан қысымын төмендететін тағамдарды атады деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігер қан қысымының жоғары болуы тамырлардың тарылуын білдіретінін алға тартты.

Маманның сөзінше, тамырларды кеңейтуге көмектесетін заттардың бірі - сүт қышқылы. Ол айран, қою айран, сүзбе сынды өзге де сүт өнімдерінде кездеседі.

"Орташа мөлшерде - шамамен бір стақан ішсе, мұндай сусындар қан қысымын тұрақтандырады", - дейді Валентина Байдина.

Маманның айтуынша, каркаде шайы да - гипертониясы бар науқастарға пайдалы сусындардың бірі. Құрамында антиоксиданттар мен С дәрумені болғандықтан, сусын қан тамырларын кеңейтеуге көмектеседі.

Несеп айдайтын қасиеттері бар кокос суы және калийге бай сүт қосылған какао да қысымды төмендетеді. Тіпті, 200 миллилитр табиғи какаоның өзі оң әсер ететін көрінеді.

"Қан қысымын төмендететін тағамдарға С витаминіне бай жемістер мен көкөністер жатады: грейпфрут, апельсин, лимон және лимон қосылған су. Қызылша мен қызылша сусыны да пайдалы. Бір стақан жеткілікті болады", - дейді Валентина Байдина.

Оның пікірінше, эфирлер тобына жататын құрамында аллицин бар сарымсақтың да пайдасы зор.

Асыр мәзіріне түрлі шөптерді қосуға болады - шпинат, аскөк, ақжелкен, олар несепті айдау арқылы оң әсер етеді екен.

Сонымен бірге, дәрігер дұрыс тамақтанудан бөлек, кан қысымын төмендету үшін емдеуші дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектер қабылдау қажеттігін де еске салды.

Кардиолог қан қысымын төмендететін тағамдарды атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.